Мақаланы ұсыну тәртібі мен рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақаланы жариялау үшін орыс, қазақ немесе ағылшын тілінде журналдың серия/профиліне сәйкес, бұрын соңды автормен (авторлармен) жарияланбаған материал қабылданады.

Мақаланың авторы (авторлары) – шетел азаматтары болған жағдайда шаруашылықты жүргізу құқығына ие РМК  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйінде ғылыми журналдарда мақалаларды жариялау жөнінде Келісімшарт жасалынады (3 ҚОСЫМША). Журнал сайтында көрсетілген келісімшарт автормен (авторлармен) толтырылады және қолы қойылады. Автордың қолы қойылған келісімшарт және т.б. материалдар сканерленген формада мақаламен бірге журнал редакциясының электронды поштасына жіберіледі. 3 ҚОСЫМША.doc.

Редакцияға электронды поштамен келесі материалдарды жіберу керек: мақаланың электронды үлгісі: соңғы бетте автор (авторлар) қолы қойылған Word редакторында (кеңейтілуі *.rtf немесе *.doc ) және pdf форматында; журналда жариялау үшін автордың (авторлардың) қолы қойылған pdf форматындағы автордың өтініші (4 ҚОСЫМША.doc). Мақалаға қосымша  магистранттар, аспиранттар және ізденушілер деканат пен жетекшісімен расталатын, кафедра отырысының хаттамасынан көшірмесін ұсынады. Мақала жариялануға қабылдағаннан кейін төлемақы туралы түбіртектің сканерленген нұсқасы pdf форматында электронды пошта арқылы жіберіледі. Университет реквизиттері 5 ҚОСЫМШАДА.doc  көрсетілген.

Барлық құжаттар қағаз түрінде де ұсынылуы мүмкін, ал мақала электронды тасымалдауышта, пошта арқылы немесе тікелей жауапты хатшыға жіберілу мүмкін.

Мақала авторы қосымша  өзінің қолжазбасына тәуелсіз маманның сын пікірін ұсына алады.

Қолжазбамен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде және авторлармен байланысу үшін редакция электрондық поштаны қолданады.

Мақаланы рәсімдеу ережелері 6 ҚОСЫМШАДА.doc келтірілген. Жарияланатын материалдарда авторлар жөнінде ақпарат, олардың жұмыс орны және қажетті байланыс мәліметтері көрсетіледі.

Мақала талаптарға сай болмаған жағдайда, редакциялық алқа оны қабылдамауға құқылы.

8 ҚОСЫМШАДА.doc келтірілген ҚазҰУ ғылыми журналдарында жарияланым үшін бекітілген бағалар прейскурантына сәйкес төлемақы әр беті үшін жүргізіледі.

Журналды басып шығаруға төлемді ұйым (заңды тұлға) жүргізген жағдайда есепшот факт бойынша төленеді. Университеттің ҒЗИ үшін жеңілдіктер қарастырылған.