EFFECT OF THE MORPHOLOGY OF ZINC OXIDE LAYERS ON THE ELECTROCHEMICAL PROPERTIES OF BIOSENSORS
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2022.v83.i4.04Keywords:
zinc oxide, electrochemical properties, biosensor, glucoseAbstract
Инсулин тапшылығы мен қандағы глюкозаның жоғары концентрациясына байланысты қант диабеті әлемдегі өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Қандағы глюкоза деңгейін үздіксіз бақылау жүрек ауруының, бүйрек жеткіліксіздігінің немесе зағиптылықтың алдын алады. Осыған байланысты қандағы глюкоза деңгейін тез, дәл және үнемді анықтау қажет. Сондықтан қант диабетінде глюкозаны анықтауға арналған үнемді, қолдануға оңай, дәл, портативті және жылдам биосенсор жасау өте маңызды. Глюкозаны анықтау үшін электрохимиялық биосенсорлар кеңінен таралған. Бұл жұмыста төмен шығынды ерітіндіден химиялық тұндыру әдісімен алынған жоғары бағытталған ZnO нанобіліктерінің массиві физикалық адсорбция арқылы глюкозооксидаза (GOx) иммобилизацияланған амперометриялық ферментативті электрод ретінде пайдаланылды. Модификацияланған ITO/ZnO/GOx/Нафион электродының морфологиясы, оптикалық және электрохимиялық қасиеттері зерттелді. Мырыш оксиді қабаттарының морфологиясының фермент пен биосенсордың белсенділігіне әсері зерттелді. ZnO бағытталған жұқа нанобіліктерінің массиві бар модификацияланған ITO/ZnO/GOx/Нафион электродтары ерітіндіде глюкоза анықталғанда ~50 мкА/мМ·см2 мәнінде өте жоғары сезімталдылықты көрсетті, яғни бетінің меншікті ауданы жоғары ZnO нанобіліктері биосенсорлардағы глюкозооксидазаны иммобилизациялауға арналған тамаша платформа болып табылады.
