Азот матрицасындағы мөлшерлері әртүрлі ауыр су криоконденсаттарының ИҚ-спектрлері
Keywords:
Изотоптық қоспа, Криоматрица, Ауыр су, ИҚ- спектр, Криокристалл, Лазерлік интерферометрAbstract
Осы жұмыста қалыңдықтары молекулалардың тербелмелі толқын ұзындықтарына шамалас, азот криоматрицасындағы судың изотоптық қоспасының (Н2О, HDO, D2O) криовакуумдық конденсаттарының жұқа үлдірлеріне классикалық зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер мәселесі Н2О, HDO, D2O молекулаларының сипаттамалы тербеліс жиіліктері диапазонындағы азот криоматрицасындағы ауыр су мөлшері өзгерісінің төсетек-үлдір жүйесінің шағылу қабілетіне әсерін зерттеу болып табылады. Судың изотоптық қоспасының концентрациялары масс-спектрометр көмегімен зерттелді. Алынған нәтижелердің есебі бойынша қоспадағы компоненталардың мөлшерлері келесі түрде болды – Н2О(10), HDO(50), D2O(40). Өлшеу барысындағы жіберілген қателіктер 3-5-дан аспайды. Әрі қарай «ауыр су» деп осы изотоптық қоспаны айтамыз.Downloads
Published
2015-08-15
Issue
Section
Thermal Physics and Theoretical Thermal Engineering
How to Cite
Азот матрицасындағы мөлшерлері әртүрлі ауыр су криоконденсаттарының ИҚ-спектрлері. (2015). Recent Contributions to Physics, 2015(2), 18-25. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/367
