О новом направлении в теории гравитационного линзирования
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/rcph-2019-1-1115Кілт сөздер:
гравитационные линзы, темная материя, гало темной материиАңдатпа
Космологиялық бақылаулардың нәтижесі бойынша Әлем массасының 95 % -ы бариондар мен электрондардан тұрмайды, ал керісінше электромагниттік толқындарды шығармайтын және жұтпайтын белгісіз субстанциядан тұрады. Осы себепті субстанция қараңғы материя аталынды.
Бұл жұмыста қараңғы материя проблемасының күйіне қысқаша шолу жасалынады. Қараңғы материяның динамикалық қасиеттерімен байланысты мәселелері, сондай-ақ қараңғы және кәдімгі материяның өзара әрекеттесуімен байланысты комплексті мәселелері қарастырылады. Қараңғы материяны анықтаудың тікелей және жанама тәсілдері қарастылады.
Қараңғы материяның таралуын гравитациялық линзалану бойынша –галактикалардың көптеген кескіндерінің пайда болуы және олардың формасының бұрмалануы арқылы бақылайды. Гравитациялық линзалар - бұл Әлемнің аса бір қызықты объектілерінің бірі болып табылады. Олар оның ең маңызды субстационалды компоненті – қараңғы материяның оның барлық көріністерінде пайда болуын зерттеуге мүмкіндік береді.
Жұмыста әлсіз гравитациялық линзалану есебінің комплексті сипаттамасы берілді. Әлсіз линзалану бойынша галактикалардың шоғырлануымен линзаланатын шалғайдағы объектілердің формасын белгілі бір дәрежемен анықтауға болады және линза массасының кеңістіктік таралуын алуға болады.
