Жұлдыз қалыптасу аумағындағы NH3-тің үлестірілуі

Авторлар

  • A.K. Tileukulova Xinjiang Astronomical Observatory, China, Urumqi
  • D.A. Alimbetova Xinjiang Astronomical Observatory, China, Urumqi
  • T. Komesh Xinjiang Astronomical Observatory, China, Urumqi
  • S. Sailanbek Xinjiang Astronomical Observatory, China, Urumqi
  • A.T. Agishev Xinjiang Astronomical Observatory, China, Urumqi

DOI:

10.26577/RCPh.2021.v76.i1.02

Кілт сөздер:

star formation, H׀׀ regions, N 24 bubble, molecular clouds, high-mass stars

Аңдатпа

Берілген мақалада Үлкен Галактикалық инфрақызыл N24 көпіршігін зерттей келе, кеңейіп жатқан H׀׀ аумағындағы молекулалық және жұлдыз түзуші орталарды анықтаудың көп толқындық анализі келтірілген. Herschel мен ATLASGAL-дың тарихи деректерін қолдана отырып, тозаңның көпіршікте таралуы және физикалық қасиеттері зерттеледі. Біз Қытай Халық Респубикасындағы Үрімші қаласындағы 26-метрлік Наньшянь радиотелескобымен алынған мәліметтер арқылы N24 көпіршігіне талдау жасадық. Түйіндер массалық өлшем түрінде үлестірілуі N24 көпіршік қабыршағы жоғары массалы жұлдыз қалыптасу аумағы болып табылатындығының дәлелі екендігін көрсетеді. Біз мульти толқын ұзындықты зерттеуді үлкен инфрақызыл Галактикалық N24 көпіршіктегі шаң мен газ түйіршіктерінің физикалық қасиеттерін зерттеу үшін ұсындық. Инфрақызыл құрылым және молекулалық сәулеленудің үлестірілуі кеңейіп жатқан көпіршік N24 қабыршағындағы екі маңызды аймақта G 19.07-0.28 бен G 18.88-0.49 жұлдыз қалыптасуы орындалады. Алып жұлдыздардан кері байланыс нәтижесінде осы екі аумақта жаға көпіршіктер пайда болып, олар оданда үлкен әсерін тигізуде. Алынған мәліметтерді Gildas бағдарламасы арқылы өңдей отырып, жылдамдық, координатаны, жолақ ендігін анықтай алдық. NH3(1,1) мен NH3(2,2) аммиактың жұлдыздың қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде N24 көпіршік аймағында болатындығын анықтадық. Алынған мәліметтерді Gildas бағдарламасы арқылы өңдей отырып, жылдамдық, координатаны, жолақ ендігін анықтай алдық. Түйіндер массалық өлшем түрінде үлестірілуі N24 көпіршік қабыршағы жоғары массалы жұлдыз қалыптасу аумағы болып табылатындығының дәлелі екендігін анықтадық.

Түйін сөздер: жұлдыздардың қалыптасуы, Hǁǁ аймағы, N24 көпіршік, молекулалық бұлттар, жоғары массалы жұлдыздар

Жарияланды

2021-04-16

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары