Импульстік плазмалық үдеткіштегі плазмалық ағынның өздік магниттік өрісін және жылдамдығын өлшеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2021.v77.i2.04

Кілт сөздер:

pulsed plasma accelerator, plasma flow, self-generated magnetic field of plasma flow, magnetic probe

Аңдатпа

Радиалды сығылу кезеңіндегі плазмалық үдеткіштердің шығысындағы плазмалық ағынның тұрақсыздығы көптеген факторларға байланысты. Олар, өте жылдам, жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің, плазмалық белдіктің өздік магниттік өрісі тудыратын магниттік қысымға қарсы плазманың ішкі қысымының пайда болуы және плазма тығыздығының біртекті таралмауы. Солардың ішінде плазмалық ағынның өздік магниттік өрісін зерттеу ерекше қызығушылық тудырады, себебі ол жоғарыда аталған өзара байланысқан факторлар туралы салыстырмалы түрде ақпарат бере алады.
Бұл жұмыста ИПҮ (ҚазҰУ, ЭТФҒЗИ) эксперименттік қондырғыда, атап айтқанда плазмалық үдеткіштің шығысындағы плазмалық ағынның өздік магниттік өрісін өлшеу үшін және зерттеу үшін, жоғары жиілікті, шағын магниттік зонд жасалды. Магниттік зондтың геометриялық өлшемдері келесідей: катушканың диаметрі 2,12 мм, орам саны 7, мыс сымның диаметрі 150 мкм, орамның ұзындығы 1,1 мм. Өлшеуіш катушканың индуктивтілігі 0,113 мкГн, зондтың сезгіштігі 2,3 нс құрайды. Сонымен қатар магниттік зонд шамасы 15 А тең айнымалы ток көзіне қосылған көп қабатты соленоидтың Холл сенсорымен анықталған магниттік өрісінде калибрленді. Калибрлеу нәтижесі көрсеткендей, зондтың өлшеу қателігі 10% аспады.

Жарияланды

2021-06-24

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары