Спиральді компрессор. Есептеу әдістемесін талдау

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2021.v78.i3.04

Кілт сөздер:

Scroll compressor, calculation method, mathematical modeling, mass flow rate of the working substance, regrinding of the compressed medium

Аңдатпа

Бүгінгі таңда экологиялық проблемаларға байланысты тоңазытқыш жабдықтары нарығындағы тез болып жатқан өзгерістер жағдайында жабдықтың жаңа түрлерін бейімдеу немесе құру мәселесі туындайды. Тоңазытқыш өнеркәсібінің көптеген салаларында сұранысқа ие тоңазытқыш компрессоры температура мен қысымның кең диапазонында жаңа салқындатқыштарды қолдануға мүмкіндік беретін сапалық өзгерістерді қажет етеді. Бұл жұмыста спираль компрессорды математикалық модельдеудің кейбір көріністері қарастырылған. Көлемдік сығу принцибі машиналарының жұмыс процестерін модельдеудің әр түрлі тәсілдері, олардың қолданбалы маңызы мен пайдалану басымдылықтары келтірілген. Саңылаулардың жіктелуін ескере отырып спираль компрессорға қатысты сығылатын ортаның ағып кетуін есептеу әдістемесіне аналитикалық шолу жүргізілген. Сығылатын ортаның ағып кетуіне әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты саңылау қабырғаларының қозғалу жағдайын ескерудің есебінен рұқсат етілген жағдайлар мен осы әдістемені жетілдіру қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалды. Сондай ақ осы жағдайдың есептеу дәлдігі мен компрессордың жұмыс режимін оңтайлы таңдауға әсері туралы тұжырым жасалды. Түрлендірілген теңдеулер жүйесінде осы шартты ескеру жаңа үлгілерді жобалау кезінде спираль машиналардың жұмыс процестерін қолданбалы өлшеу дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін мысалдар келтірілген.

Жарияланды

2021-09-06

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience