ПСЕВДОПОТЕНЦИАЛДЫҚ МОДЕЛЬ НЕГІЗІНДЕ ИДЕАЛ ЕМЕС ПЛАЗМАНЫҢ ДИЭЛЕКТРЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа
Осы макалада псевдопотенциалдық модель негiзiнде екі компонентті толық иондалған тығыз жоғарғы температурадағы плазманың диэлектрлік қасиеттерi зерттелдi. Электрондармен экрандалуды, дифракция және симметрия кванттық эффектілерді, электрон-электронды локалды өрістерді ескеретін ион-ионды псевдопотенциал алынған. Локалды өрістердің электрон-электронды функцияларын есептеу үшін Орнштейн-Церниктің интегралды теңдеуін гипертізбекті жуықтауда қолданылады. Кванттық эффектілердің және локалды өрістердің дисперсияға және өшу декрементінің ленгмюрлiк және ионды-дыбыс плазмондарына әсері байқалды.
