Импульстік плазмалық ағынның диагностикасы
DOI:
10.26577/RCPh.2022.v81.i2.05Кілт сөздер:
coaxial plasma accelerator, hydrogen plasma flow, probe diagnostics, optical diagnostics, electron density, plasma emission spectrumАңдатпа
Бұл жұмыста коаксиалды плазмалық үдеткіштегі сутегі плазмалық ағынының оптикалық және зондтық диагностикасының нәтижелері ұсынылған. Электрондық токты өлшеу және сутегі плазмасының эмиссиялық спектрлерін алу үшін үшэлектродты зонд және 200-1100 нм спектрлік диапазонда зерттеуге мүмкіндік беретін Optosky ATP2000P сызықтық спектрометрі қолданылды. Жеке спектрлік сызықтар 0,024 нм спектрлік ажыратқыштық қабілеті бар М833 монохроматор спектрометрінің көмегімен алынды. Өлшенген электрондық токтар мен алынған эмиссиялық спектрлер негізінде импульстік сутегі плазмасының ағынындағы электрондардың тығыздығы есептелді. Электрондардың тығыздығын есептеу үшін Hβ сутегі спектрінің Штарктық кеңею әдісі қолданылды. Электрондардың тығыздығын зондтық және спектроскопиялық өлшеудің тәжірибелік нәтижелері жақсы сәйкес келді. Сонымен қатар бұл жұмыста электрондар тығыздығының конденсатор батареясына түсірілген кернеуге тәуелділігі де алынды. Кернеудің жоғарылауымен электрондардың тығыздығы да артады, бұл разрядқа берілген энергияның артуымен тығыз байланысты. 3 кВ, 4 кВ және 5 кВ кернеуінің үш мәні үшін плазмалық ағындағы электрондар тығыздығының орташа мәндері сәйкесінше 1,13 ∙ 1021 м-3, 4,14 ∙ 1021 м-3, және 5,57 ∙ 1021 м-3 құрады.
