ССР-Қ реакторында литий керамикасын сәулелендіру эксперименттерінің есептік негіздемесі
DOI:
10.26577/RCPh.2022.v82.i3.05Кілт сөздер:
литиевая керамика, ВВР-К, выделения трития, поток нейтроновАңдатпа
Бұл жұмыста ССР-Қ реакторында литий керамикасы бар капсулалардың сәулелену кезіндегі әртүрлі конструкцияларының нейтрондық-физикалық және термофизикалық есептеулерінің нәтижелері ұсынылған. ССР-Қ реакторының белсенді аймағында литий керамикасының сәулеленуінің негізгі шарттары сипатталған. Литий керамикасымен өткізуге болатын реакторлық эксперименттердің екі түрін жүргізу мүмкіндігі көрсетілген: нақты уақыт режимінде тритий бөлінуін тіркей отырып, жоғары температуралы сәулелену және үлгілерді газсыздандыру бойынша реактордан кейінгі эксперименттермен төмен температуралы сәулелену көрсетілген. Литий керамикасы штаттық капсулада сәулеленген кезде үлгілердің температурасы 60 °С-тан аспайды, ал эксперименттік құрылғыда сәулеленген кезде үлгілердің температурасы 800 °С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Эксперименттік құрылғының сәулелендіру капсуласындағы үлгілердің температурасының реактордың қуатына тәуелділігі келтірілген. Нейтрондар ағынының әртүрлі тығыздығы үшін литий керамикасындағы тритийдің (6Li(n,α)Т және 7Li(n,αn)T ядролық реакциялары үшін жеке-жеке) өндірілуі яғни шығуы бойынша бағалау келтірілген. ССР-Қ реакторының перифериялық сәулелендіру каналындағы тритийдің түзілу жылдамдығы ~2 105 с-1 құрайды. ССР-Қ реакторының белсенді аймағына үлгілер салынған капсуланы тиеудің реактивтілік әсері штаттық капсула үшін минус 0,05 βэфф және эксперименттік құрылғы үшін минус 0,3 βэфф құрайды.
