Сұйық отын тамшыларын тозаңдату мен шашырауын тікелей сандық модельдеу
DOI:
10.26577/RCPh.2023.v84.i1.09Кілт сөздер:
atomization, modeling, octane, dodecane, evaporation, dispersion, numerical modelАңдатпа
Екі фазалы ағындарды математикалық модельдеудің дамуы және копьютерлік бағдарламалардың заманауи мүмкіндіктері ағынның тәртібі туралы мәліметтерді белгілі бір дәрежеде алуға мүмкіндік береді. Бірақ қолданылған математикалық модельдерді тексеруге арналған эксперименттік мәліметтерсіз оларды қолданудың сәйкестігін және алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру мүмкін емес. Осындай қиындықтарды ескере отырып, мұндай ағындардың феноменологиялық үлгілері көбірек қолданылады. Бұл ұсынылғын жұмыста сұйық ағынның шашырауы мен дисперсиясының пайда болу ерекшеліктері мен сипаттамаларын терең түсінуге мүмкіндік беретін қолданыстағы феноменологиялық модельдер қарастырылады. Бұл модельдер тұрақты газ ортасына орналастырылған отынның бір тамшысының әрекетін бақылау арқылы сұйық ағындарды бастапқы және қайталама бүрку механизмдері туралы түсінік береді. Сондай-ақ жұмыста тікелей сандық модельдеу арқылы октан және додекан тамшыларының шашырау, дисперсия және булану процестерін компьютерлік модельдеу нәтижелері берілген. Фазааралық өзара әрекеттесулерді сипаттау және дисперсті фазадағы бөлшектердің пішіні мен орнын қадағалау үшін Эйлер әдістерінің класына жататын және автономды емес алгоритм болып табылатын сұйықтық көлемі әдісін (СКӘ) қолдандық.
Есептеу тәжірибелерінің нәтижелері бойынша зерттелген алкандар тобындағы органикалық заттардың – октан және додеканның – бүрку, дисперсия және булану процестерін зерттеу бойынша оңтайлы жану режимі белгіленді. Алынған нәтижелер жанудың іргелі теориясын құруда және оңтайлы параметрлері бар айдау жүйелерінің конструкциясын жобалауда ғылыми және практикалық қолдануға ие.
