Қатты отынмен жұмыс істейтін импульстік плазмалық қозғалтқыштың тиімділігін эксперименттік зерттеу
DOI:
10.26577/RCPh.2023.v85.i2.05Кілт сөздер:
импульсная плазма, импульсный плазменный двигатель, разрядный токАңдатпа
Бұл жұмыстың мақсаты қатты отынмен импульстік-плазмалық қозғалтқыштың (ИПҚ) тартқыш-энергетикалық сипаттамалары мен электродтарының геометриясына тәуелділікті зерттеу болып табылады. Зерттеу нәтижелері конденсатордың сыйымдылығы мен ИПҚ бит импульсі арасындағы, сондай-ақ электродтардың геометриясы мен ИПҚ тарту сипаттамалары арасындағы байланысты ашатын пайдалы тәуелділіктерді анықтау. Алынған мәліметтерге сәйкес келесі тұжырымдар жасауға болады, конденсаторлардың сыйымдылығын 3 мкФ-тан 5 мкФ-қа дейін арттырған кезде, тарту сипаттамалары арттады, ал анодтың диаметрін 6 мм-ден 10 мм-ге өзгерту арқылы электродтар арасындағы ара қашықтықты азайту ИПҚ -тың тарту сипаттамаларыңа кері әсер етеді. Бұл тәуелділіктер коаксиалды электродтар арасындағы кернеу 0,5 кВ қадаммен 2 кВ-тан 3,5 кВ-қа дейін өзгерген кезде алынды. Олар қатты отынмен ИПҚ дизайнын одан әрі жақсартуда және оңтайландыруда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар олардың ғарыш кеңістігінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Нәтижелер ғарыштық технология саласында жұмыс істейтін әзірлеушілер мен инженерлер үшін құнды ақпарат болып табылады. Олар орбитаны түзету және шағын ғарыш аппараттарының тұрақты күйін сақтау міндеттерін сәтті орындай алатын тиімдірек және сенімді қатты отынмен ИПҚ құруға бағытталған қосымша зерттеулер мен әзірлемелерде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ғарыштық инженерияны дамытудың және плазмалық қозғалтқыштарда қатты отынды тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің жаңа перспективаларын ашады.
