Модифицирленген күкіртті бетонның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2024v90i3-06

Кілт сөздер:

sulfur, sulfur concrete, modifier, Anilinehydrochloride, X-ray phase analysis, diffractogram, electron microscope, IR-spectroscopy, Roman-spectroscopy

Аңдатпа

Бұл зерттеуде элементарлы күкіртті органикалық модификаторлармен өңдеу арқылы оның полимерлену процесі тереңірек зерттелді. Нәтижесінде, күкірт бетондары үшін жоғары сапалы байланыстырғыш алуға мүмкіндік беретін оңтайлы модификациялау шарттары анықталды. Модификацияланған күкірт негізіндегі күкірт бетондарын алу технологиясы толық сипатталды.

Тәжірибе барысында элементарлы күкіртті 140-145 °C температураға дейін қыздырып, содан кейін анилин гидрохлориді қосылды. Реакцияны толықтыру үшін температураны 160 °C дейін көтеріп, 45 минут бойы сақтады. Алынған күкірт бетонының орташа тығыздығы 2382 кг/м³ құрады. Оның құрамына 56% құм, 14% күл және 30% модификацияланған күкірт кірді.

Модификацияланған күкірт негізіндегі күкірт бетонның физикалық-химиялық қасиеттерін толықтай зерттеу үшін рентгендік фазалық талдау, инфрақызыл спектроскопия, сканерлеуші электронды микроскопия, гамма-спектроскопия және рентгендік флуоресценттік анализ әдістері қолданылды. Сонымен қатар, материалдың жылулық тұрақтылығын бағалау үшін дифференциалды термоанализ және термогравиметриялық анализ әдістері қолданылды. Дебай-Шеррер теңдеуі бойынша есептелген полимерлі күкірт бетонының бөлшектерінің орташа мөлшері 84,14 нм құрады, бұл оның жоғары дисперстілігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жоғары беріктікке және әртүрлі сыртқы әсерлерге төзімділігі жоғары жаңа құрылыс материалы – күкірт бетон алуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс әзірленді.

Автор өмірбаяндары

  • N.D. Amanova, Termez State University, Termez, Uzbekistan

    corresponding author. PhD, associate professor, Faculty of Chemistry, Termez State University, Termez, Uzbekistan. email: amanova0176@gmail.com

  • Kh.Kh. Turaev, Termez State University, Termez, Uzbekistan

    Doctor of Chemical Sciences, Professor,Faculty of Chemistry, Termez State University, Termez, Uzbekistan. email: hhturayev@rambler.ru

  • A.T. Djalilov, Tashkent Research Institute of Chemical Technology, Tashkent, Uzbekistan

    Doctor of Chemical Sciences, Professor, Academician of the Academy of Sciences of the Republic of Uzbekistan, Director of Tashkent Research Institute of Chemical Technology. Tashkent, Uzbekistan. email: gup_tniixt@mail.ru

  • A.K. Nomozov , Termez State University of Engineering and Agrotechnologies, Termez, Uzbekistan

    PhD, associate professor, Head Department of Chemical Engineering, Termez State University of Engineering and Agrotechnologies. Termez, Uzbekistan. email: abrornomozov055@gmail.com

  • E.S. Sottikulov, Tashkent Research Institute of Chemical Technology, Tashkent, Uzbekistan

    Associate professor, Head Department of Chemical Engineering Laboratory of Tashkent Research Institute of Chemical Technology. Tashkent, Uzbekistan. email: gup_tniixt@mail.ru

  • Y.A. Makhmudova , National University of Uzbekistan, Tashkent, Uzbekistan

    Student of the Faculty of Chemistry of the National University of Uzbekistan, Tashkent, Uzbekistan. email: amanova0176@gmail.com

Жарияланды

2024-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары