CORSIKA-77410 көмегімен КАН модельдеу кезінде EPOS LHC және QGSJETII-04 адрондық өзара әрекеттесуінің модельдерін салыстыру

Авторлар

  • Н.О. Ережеп Институт ядерной физики, г.Алматы, Казахстан; Тянь-Шаньская высокогорная научная станция, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-7457-2189
  • Н.О. Садуев Институт ядерной физики, г.Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0002-5144-0677
  • О.А. Каликулов Институт ядерной физики, г.Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-1597-4935
  • М.А. Банщикова Тянь-Шаньская Высокогорная Научная Станция, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0009-0009-7264-7042

DOI:

10.26577/RCPh.2024.v91.i4.a3

Кілт сөздер:

Широкие Атмосферные Ливни (ШАЛ), адронное взаимодействие, энергетические спектры, космические лучи

Аңдатпа

Мақалада EPOS LHC v3400 және QGSJET-II-04 жоғары энергиялы адрондық өзара әрекеттесу модельдерінің, сондай-ақ төмен энергиялы өзара әрекеттесу моделі GHEISHA 2002d (double precision) негізінде 1016-1019 эВ энергия диапазонында протон, көміртек жане темір сияқты алғашқы бөлшектер үшін CORSIKA-7.7410 бағдарламасын қолдану арқылы салыстырмалы талдау жүргізілді. Кең атмосфералық нөсерлер (КАН) негізгі параметрлері, мысалы, максимум тереңдігі Xmax, мюондардың сандық таралуы, екінші реттік бөлшектердің энергиясын таралуы және көлденең таралу қимасы талданды.

Алынған нәтижелер екінші реттік ғарыштық сәулелердің Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясының (теңіз деңгейінен жоғары 3340 м биіктігі) бақылау деңгейіндегі сипаттамаларын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және «Жұлқылама Қондырғы» арқылы КАН зерттеулеріне бағытталған болашақ эксперименттерді жоспарлауға негіз бола алады. Әр модельдің ерекшеліктері анықталып, олардың ШАЛ негізгі параметрлеріне әсері мен эксперименттік деректерді түсіндіруді жақсартудағы қолдану аймақтары бағаланды.

Жұмыста EPOS және QGSJET модельдерінің негізгі қағидаттары, олардың теориялық негізі, қолдану салалары, модельденетін эффектілер, деректерге баптау және есептеулердің күрделілігі көрсетілді. Протон, оттегі және темір үшін бөлшектердің жалпы саны EPOS және QGSJET-II модельдерінде салыстырылды.

Автор өмірбаяндары

  • Н.О. Ережеп, Институт ядерной физики, г.Алматы, Казахстан; Тянь-Шаньская высокогорная научная станция, г. Алматы, Казахстан

    Автор-корреспондент, научный сотрудник Института ядерной физики, г.Алматы, Казахстан; Тянь-Шаньская высокогорная научная станция, г.Алматы, Казахстан; e-mail: n.yerezhep@inp.kz

  • Н.О. Садуев, Институт ядерной физики, г.Алматы, Казахстан

    PhD, заместитель директора по научной работе Института ядерной физики; Тянь-Шаньская высокогорная научная станция, г. Алматы, Казахстан; e-mail: n.sadyev@inp.kz

  • О.А. Каликулов, Институт ядерной физики, г.Алматы, Казахстан

    PhD, заведующий лабораторией космических лучей Института ядерной физики, г.Алматы, Казахстан; e-mail: o.kalikulov@inp.kz

  • М.А. Банщикова, Тянь-Шаньская Высокогорная Научная Станция, г. Алматы, Казахстан

    Младший научный сотрудник лаборатории космических лучей Института ядерной физики, г.Алматы, Казахстан; e-mail: margaretbanshchicova@gmail.com

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары