WC-NiCr, Al₂O₃-NiCr және Cr₃C₂-NiCr металлокерамикалық жабындарының HVOF және детонациялық бүрку әдістерімен алынған жабындарының салыстырмалы талдауы
DOI:
10.26577/RCPh97220269Кілт сөздер:
HVOF, детонациялық бүрку, металлокерамикалық жабындар, микрокұрылым, үйкеліс коэффициенті, қаттылықАңдатпа
Жұмыста жоғары жылдамдықты газотермиялық (HVOF) және детонациялық бүрку әдістері арқылы алынған WC-NiCr, Cr₃C₂-NiCr және Al₂O₃-NiCr жүйелеріндегі металлокерамикалық жабындарды қалыптастыру технологияларына салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты-жабынды жағу технологиясының жабындардың микроқұрылымына, физика-механикалық және трибологиялық қасиеттеріне әсерін анықтау. Зерттеу барысында бастапқы ұнтақтардың морфологиясы мен жабындардың микроқұрылымы растарлық электрондық микроскопия (РЭМ) және энергиядисперсиялық спектроскопия (EDS) әдістерімен талданды. Микроқаттылық FISCHERSCOPE HM 2000 жүйесінде анықталды, ал трибологиялық сипаттамалар ASTM G133-95 және ASTM G99 стандарттарына сәйкес Anton Paar TRB³ трибометрінде «шар–диск» әдісі арқылы зерттелді. Бүрку әдісінің жабындардың құрылымы мен пайдалану сипаттамаларына елеулі әсер ететіні анықталды. Карбидті жүйелер (Cr₃C₂-NiCr және WC-NiCr) үшін HVOF әдісі тиімдірек болып табылады, себебі ол тығыз, ұсақдисперсті құрылымның қалыптасуын, қаттылықтың артуын және үйкеліс коэффициентінің төмендеуін қамтамасыз етеді. Ал Al₂O₃-NiCr оксидті жүйесі үшін детонациялық бүрку әдісі анағұрлым тиімді болып, жоғары қаттылық пен тұрақты трибологиялық сипаттамаларды қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер жабындардың құрамы мен пайдалану жағдайларына байланысты оларды қалыптастыру технологиясын ғылыми негізде таңдауға мүмкіндік береді.
