Вакуум жағдайында қыздыру кезінде гольмий мен эрбий гидриді ұнтақтарының термодесорбциялық сипаттамалары
Кілт сөздер:
Сирек жер металдары, металл гидридтері, термодесорбциялық спектроскопия (ТДС), ұнтақ материалдар, вакуумдық қыздыру, сутегі десорбциясы, сирек жер металдары, металл гидридтері, термодесорбциялық спектроскопия (ТДС), ұнтақ материалдар, вакуумдық қыздыру, сутегі десорбциясыАңдатпа
Бұл жұмыста вакуумда қыздыру кезінде гольмий және эрбий гидридтері ұнтақтарының термодесорбциялық (ТДС) сипаттамалары зерттеліп, лантаноид бериллидтерін кейінгі синтездеу үшін негізделген температура-уақыт параметрлерін таңдау мақсаты қойылды. Зерттеудің өзектілігі вакуумдық-термиялық қыздыру барысында гидрид құрамды ұнтақ қоспаларынан газ бөлінуін ескеру қажеттілігімен анықталады, өйткені сутегінің десорбциясы қоспаның тығыздалуына, вакуум режимінің тұрақтылығына және фазалардың түзілу шарттарына елеулі әсер етуі мүмкін.
ТДС зерттеулерді жүргізер алдында бастапқы бериллий, гольмий гидриді және эрбий гидриді ұнтақтарына сипаттама берілді, оған гранулометриялық құрамын, бөлшек морфологиясын және фазалық күйін талдау кірді. ТДС зерттеулер вакуум жағдайында бөлме температурасынан 1173 K-ге дейін 10 K/мин жылдамдықпен қыздыру арқылы жүргізілді. Гольмий және эрбий гидридтері ұнтақтарын қыздыру кезінде сутегінің бөлінуі жоғары температура аймағында басым максимумымен сипатталатын көпсатылы сипат.
Алынған нәтижелер қарқынды газ бөлінуі байқалатын температуралық аралықтарды анықтауға мүмкіндік береді және бериллий мен сирек жер металдары негізіндегі ұнтақ қоспаларынан лантаноид бериллидтерін синтездеу бойынша эксперименттерді дайындау және жүргізу кезінде вакуумдық қыздыру режимдерін негіздеуде қолданылуы мүмкін.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Хабаршы. Физика сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.









