ВВР-К реакторындағы нейтрондармен сәулелендіру процесінде LI2TIO3 метатитанат литийден туындайтын тритийдің диффузиясы.
Кілт сөздер:
термояролық реактор, бланкет, тритийдың туындауы, тритийдың диффузиясы, литийлі керамика, нейтрондық сәулелену, радияциялық ақаулар,Аңдатпа
Метатитанат литийге айнымалы термиялық әсер бар кезде литий-6-ның нейтрондармен ядролық реакциясы нәтижесінде туындайтын тритийдің бөлінуін зерттейтін реакторлық тәжірибенің нәтижесін талдаудың математикалық және программылық қамтамасыз етілуі ұсынылды. Титанат литий гранулаларының тритийлі бридерде қолданылуға жарамдылығын бағалауға қажетті газбөлінуінің негізгі шамалары есептелінді: газбөлінуінің үлесі, тритийді материалда ұстау уақыты, Т+ -тің көлемдік диффузиясы және НТ термодесорбциясының белсенділік энергиясы, осыларға сәйкес келетін тәжірибе алдындағы күшейткіштер. Тритийдің диффузиялық коэффициенті реакторлық сәулелендірудің тек алғашқы 10 айында белсенді ұлғаятыны, осыдан кейінгі эффективті диффузия коэффициенті 1.3×10-7 cм2 /сек мәнінде тұрақтанып өзгермейді немесе өте әлсіз өзгеріске ұшырайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Plasma Physics
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ВВР-К реакторындағы нейтрондармен сәулелендіру процесінде LI2TIO3 метатитанат литийден туындайтын тритийдің диффузиясы. (2013). Хабаршы. Физика сериясы, 2013(3), 62-71. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/101
