NaF нанокристалының күй тығыздығын компьютерлік модельдеу
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/rcph-2019-1-1097Кілт сөздер:
NaF nanocrystal, density of states, band structure, total energy, computer simulationАңдатпа
Қазіргі кезде қатты денелердегі ақаулардың қасиеттерін зерттеуге байланысты эксперименталды нәтижелерді түсіндіру үшін түрлі теориялық зерттеулер әдісі белсенді қолданылады. Бұл бағыттағы прогресс компьютерлік технологияны жетілдіру және заманауи кванттық химиялық жиынтықтарды әзірлеу арқасында мүмкін болады. Берілген жұмыста NaF (Na13F14, Na4F5, Na22F23) идеал нанокристалы мен қарапайым нүктелік ақаулары бар түрлі кластрелік қосылыстардың (Na12F13, Na21F22) күй тығыздығы мен толық энергиясының компьютерлік модельдеуі көрсетілген. Сипаттамалардың модельденуі Atomistix ToolKit with Virtual NanoLab бағдарламасы негізінде GGA (generalized gradient approximation) функционалдылығында жүезеге асырылды. Зерттелген объектілер кванттық нүктелерге жатқызылады. Алынған нәтижелерді нанокристалдарды зерттеуде пайдалы болуы мүмкін.
