Статистический анализ экзопланетных систем по спектральным классам центральных звезд

Авторлар

  • M.Zh. Minglibayev Астрофизический институт им. В.Г. Фесенкова, Алматы, Казахстан
  • S.A. Shomshekova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/rcph-2019-1-1109

Кілт сөздер:

экзопланетные системы, центральная звезда, спектральный класс, переменность масс, орбитальные элементы, статистический анализ

Аңдатпа

Экзопланеталық жүйелерді зерттеу қазіргі кезде өзекті болып табылады және ғаламды түсінуге және физикалық, динамикалық зерттеулер үшін қосымша мүмкіндіктер берді. Бұл жұмыстың мақсаты  экзопланеталық жүйелер бойыншы еуропалық каталогтың соңғы деректері арқылы статистикалық талдаулар жүргізу болып табылады. Қазіргі уақытта бекітілген экзопланеталық жүйелер шамамен 4000 құрайды. Бұл мақаладағы статистикалық талдаулар экзопланеталық жүйелердің динамикалық эволюциясын одан әрі қарай зерттеуге қажет. Техникалық базаның дамуы және экзопланеталық жүйелерді іздеу әдістерінің дамуына байланысты, жер тәрізді планеталар Ross 128 b табылды. Орталық жұлдыздың спектрлік класына тәуелді экзопланеталар санының статистикалық талдау жүргізілді. Белгілі экзопланеталардың көбісі F, G, K және M спектрлік жұлдыздарының айналасындағы планеталар.   Біз G класындағы жұлдыздардың айналасында экзопланеталық жүйелер саны көп екендігін анықтадық. Орталық жұлдыздың эффективті температура мәндеріне сәйкес, біздің статистикалық диаграммамыздан, экзопланета қандай спектрлік кластағы жұлдыздың маңында айналатындығына көз жеткізуге болады. Бір қызығы, экзопланеталардың көпшілігі 80-нен 95 градусқа дейінгі көлбеулікке ие, ал эксцентриситеттері әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, экзопланеталардың аргумент перицентрі және көлбеулік шамалары бойынша диаграмма тұрғызылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары