ҰЙЫТҚЫ ТЕОРИЯ НЕГІЗІНДЕ ӘРТҮРЛІ АТОМДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАРПУ ҚИМАСЫ
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/rcph-2019-i2-12Кілт сөздер:
қарпу қимасы, эффективті әсерлесу потенциалы, квазиклассикалық плазма, электронды қарпу, қарпу радиусыАңдатпа
Бұл жұмыста жартылай иондалған плазмадағы электронды қарпу радиусының сандық есептеулерінің нәтижелері келтірілген. Электрон мен атом әсерлесуі ретінде үлкен арақашықтықта экрандалу эффектісін, ал аз арақашықтықта дифракция эффектісін ескеретін эффективті потенциал қолданылған. Ұйытқу теориясының негізінде әр түрлі химиялық элементтерінде электронды қарпу радиусының зерттеу нәтижелері алынған. Алынған нәтижелер бойынша поляризация коэффициентерінің үлкен мәндерінде электронды қарпу радиусының үлкейетіндігі байқалды. Тағы электрон мен әр түрлі атомдарының әсерлесу уақыты есептелген. Зерттеу барысында, поляризация коэффициентерін арттырған сайын қарпудың дифференциалды қимасы үлкейеді.
