Динамический структурный фактор неидеальной пылевой плазмы с частицами конечных размеров

Авторлар

  • Лаззат Тастанбековна Еримбетова КазНУ им. альФараби
  • Аскар Ербуланович Давлетов КазНУ им.аль-Фараби
  • Юрий Вячеславович Архипов КазНУ им.аль-Фараби
  • Игор Михайлович Ткаченко Гурски Валенсийский политехнический университет

DOI:

https://doi.org/10.26577/rcph-2019-i2-11

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты тозаң бөлшектердің шектелген өлшемінің плазмадағы тозаңды компоненттің статикалық және динамикалық  сипаттамасына әсерін анықтау болып табылады. тозаңдар арасындағы өзара әсерлесу потенциалы ретінде хаостық фаза жуықтауындағы плазмалық диэлектрлік функция бар, сызықтық диэлектрлік үндестік теориясынан алынған моделді өрнек қолданылады. Тозаң бөлшектерінің статикалық құрылымдық факторлары негізгі гипертізбектік  жуықтаудағы  Орнштейн-Церник теңдеулерін шешу арқылы анықталады. Ол жуықтаудағы абсолютты қатты сфера моделі Перкус-Йевик теңдеулеріне сүйеніп есептеледі. Статикалық құрылымдық фактордың қисықтарында, тозаң бөлшектер орналасуында жақын және алыс реттілік түзілгенін айғақтайтын,  максимумдар мен минимумдар пайда болатыны байқалды. Динамикалық құрылымдық фактор өзара келісілген моменттер әдісі негізінде  болғанда оның  бойынша екінші ретті туынды нөлге айналады деп болжау арқылы статикалық фактор көмегімен қалпына келтірілді. Осылайша, идеалды емес тозаңды плазма параметрлерінің кең аймағында және үлкен орау тығыздығы кезінде әділ болатын, динамикалық құрылымдық факторға арналған аналитикалық өрнек алынды. Орау тығыздығы аз болған кезде динамикалық құрылымдық фактор молекулалық динамика әдісімен моделдеу нәтижелерімен сәйкеседі, ал орау тығыздығы өскен сайын, динамикалық құрылымдық фактор қисықтарындағы максимумдар артады және толқындық санға сәйкес жиілік бойынша солға немесе оңға ығысады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics