Лазерлік өлшеу жүйесі арқылы пьезоэлектрлік тербелісті зерттеу
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh.2020.v74.i3.10Кілт сөздер:
пьезоэлектрик, тербеліс, интерферометр, ығысу, осциллограмма, лазер, діріл сигналы.Аңдатпа
Қазіргі таңда бұзылмайтын бақылаудың акустикалық әдістері өнеркәсіптік құрылғылар мен объектілердің техникалық жағдайын диагностикалау процесінде олардың қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше орын алады. Осы мақсатта арнайы құрал ретінде акустоэлектрлік түрлендіргіштер қолданылады, олардың жұмысы механикалық ығысуды электр сигналына айналдыруға негізделген. Мұндай түрлендіргіштер сезімталдығы пен сенімділігіне ерекше талаптар қойылатын, пьезоэлектриктер деп аталады. Осындай техникалық сипаттамаларды қамтамасыз ету үшін оптикалық зерттеу әдістері негізінде калибрлеу және тексеру процедуралары қолданылады. Бұл жұмыс осындай зерттеуге арналған, атап айтқанда А.Майкельсонның интерферометр принципі бойынша жұмыс істейтін лазерлік өлшеу жүйесін қолдана отырып, пьезоэлектрлік тербелісті зерттеуге арналған. Тәжірибе барысында керамикалық пьезоэлектриктің механикалық тербеліс көрсеткіштерінің өзгеруі фотодетектордың (интерференциялық сурет) тіркелген сигналының пішінінің өзгеруіне әкелетіні анықталды. Оптикалық өлшеу процесінде бірқатар бақыланбайтын шуылдар бар екендігі белгілі және олардың әсерін азайту үшін, соның ішінде фотодетектордан шыққан шуылды пзайту үшін пьезоэлектрик тербелісінің жиілігі мен амплитудасын төмендету қажет. Есептік сүзгілеуді қолдану пайдалы сигналды бөліп көрсетуге және пьезоэлектриктің уақытқа тәуелділігін қажеттеі дәрежеде анықтауға мүмкіндік беретіні көрсетілген.
