Перовскитті күн элементтерін нашарлауы өнімділігін өндіру және талдау
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2020.v75.i4.05Кілт сөздер:
баламалы энергетика, фотовольтаика, перовскиттік күн элементтері.Аңдатпа
Метил аммонийінің қорғасын галогенді перовскиттері фотоэлектрлік қосымшалар үшін перспективті материалдар ретінде кеңінен танымал. Бұл материалдардың танымалдылығы дайын фотоконверторлардың жоғары тиімділігіне, өнеркәсіптік кремний күн батареяларының тиімділігімен, сондай ақ өндіріс шығындарын едәуір төмендету мүмкіндігіне негізделген. Перовскитті материалдарда тікелей және тар тыйым салынған аймақ ені болатыны белгілі, нәтижесінде олар кремниймен салыстырғанда жарықты жұтудан жоғары тиімділікке ие, ал күн элементтерін алу үшін ерітінділерден алынатын ерітінді қабаты керек, және ол перовскиттан жасалған күн батареяларын өндірісін айтарлықтай төмендетеді. Перовскитті материалдарды әзірлеу үрдісі өте қарапайым және жоғары температураны қажет етпейді. Сонымен қатар, зертханалық үлгілерді жасаудың қарапайымдылығы аз шығындармен осы технологияны дамытуға мүмкіндік береді және әлемдік зерттеулер мен осы бағыттағы трендтерге қосылуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада 100 0С температурада қалыңдығы бірнеше нанометрден бірнеше микрондар аралығында болатын біртекті қабықшаны тез және оңай жалатуға мүмкіндік беретін центрфугалау әдісімен жасалған перовскитті қабықшалар мен күн элементтерін сыртқы факторлардың, атмосферасының әсерінен деградацияны жасау және зерттеу нәтижелері сипатталған.
