Жану камерасындағы бір ағыншалы сұйық отын бүркуін зерттеу
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/10.26577/RCPh.2020.v75.i4.07Кілт сөздер:
бүрку, бір ағыншалы бүрку, жану, сұйық отын, сандық модельдеуАңдатпа
Заманауи іштен жану қозғалтқыштарында отынды бүрку әдісі карбюраторлық қоректендіру жүйесін толығымен алмастырды. Алайда, автокөлік өндірушілердің арасында қай жүйенің басымырақ екендігі туралы бірдей көзқарас жоқ, өйткені, әрбірінің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Берілген жұмыста іштен жану қозғалтқышының модельдік камерасындағы сұйық отынның бір ағыншалы бүрку және жану процестеріне зерттеу жүргізілді. Аталған бүрку жүйесінде ауа отынмен кіріс коллекторында араласады, күрделі, әрі сезімтал карбюратор инжектормен алмастырылады, сондықтан, аталған бүрку түрі бірнүктелік деп те аталады. Көпағыншалы бүрку жүйелерінде әрбір цилиндрдің кіріс түтігінде жеке форсунка орналастырылады, соңғысы отынды кіріс клапанына береді. Осылайша, отын қоспасы жану камерасына берер алдын әзірленеді. Сондықтан құрамы бойынша ол біртекті, әрі әрбір цилиндр үшін сапасы тұрғысынан бірдей болады. Нәтижесінде аталған қасиет мотордың қуаты мен үнемділігіне, шығыс газдардың улылығына жағымды әсер етеді. Жүргізілген есептеуіш тәжірибелердің негізінде жану камерасындағы ағыстың жылулық және аэродинамикалық сипаттамаларына қол жеткізілді. Алынған компьютерлік модельдеу нәтижелерін тәжірибелік мәліметтермен салыстырылу көрсеткендей, жұмыста ұсынылған тамшыларды бүркудің сандық моделі әр түрлі сұйық отындарды бүрку және жану процестерін дұрыс сипаттайтындығы белгілі болды.
