Тығыз плазмадағы температуралық анизотропияның релаксация процестері

Авторлар

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2020.v75.i4.04

Кілт сөздер:

кулондық логарифм, тығыз плазма, эффективті потенциал, инерциялық термоядролық синтез, температуралық анизотропияның релаксациясы

Аңдатпа

Бұл жұмыста тығыз плазманың релаксация процестері қарастырылды және зерттелді. Максвеллдің таралу функциясының бастапқы анизотропты температурасы бар жылдамдық бойынша релаксация жылдамдығы (T ≠ T^), инерциялық термоядролық синтездің плазмасындағы маңызды физикалық процесс болып табылды. Жұмыста біз тығыз плазмадағы релаксация сипаттамалары кулондық логарифмді қолдана отырып, эффективті потенциалдар негізінде зерттедік. Эффективті потенциал поляризация функциясы мен кванттық потенциалдың ұзақ толқындық ыдырауын қолдана отырып шығарылатына белгілі жәнее ол жақын қашықтықтағы өзара әрекеттесу потенциалының соңғы мәнін ескереді. Ұсынылған біздің жұмыста тығыз изотермиялық емес плазмадағы температураның анизотропиясының релаксация процестері қарастырылған және зерттелген. Бөлшектердің өзара әрекеттесу потенциалы иондану энергиясының төмендеуі (төмендеуі) және алмасу-корреляциялық әсерлер сияқты ұжымдық әсерлерді ескереді. Осылайша, бұл бізге есептелген релаксация уақыты мен тепе-теңдік плазмасының тиісті температурасының тығыз плазмадағы экрандау әсерін сипаттау сапасына сезімталдығын зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыста модельдің қысқаша сипаттамасы және тығыз плазмадағы температуралық анизотропияның релаксациялық процестерін есептеу нәтижелері келтірілген. Модельдің дұрыстығын көрсету үшін оның нәтижелері МД модельдеу нәтижелерімен салыстырылды.

Жарияланды

2020-12-19

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 4 > >>