CdS наноөлшемді кластерлерінде өзіндік агрегациялаудың әсерін қарастыру

Авторлар

  • A.M. Assilbekova Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0001-5254-5174
  • A.A. Aldongarov Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0001-7784-0524
  • I.S. Irgibaeva Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; «Люминесцентті материалдарды зерттеу орталығы» ЖШС, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0003-2408-8935

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2021.v78.i3.06

Кілт сөздер:

CdS кластерлері, DFTB әдісі, өзіндік агрегациялау, пассивация, диполь моменті

Аңдатпа

Кадмий сульфиді (CdS) сияқты кванттық нүктелер – бұл ерекше оптикалық қасиеттерге ие, оның ішінде кең диапазондағы қозу, өлшемі реттелетін тар эмиссиялық спектрлер және жоғары фотостабильділік секілді қасиеттері бар жартылай өткізгіш нано кристалдар. Сәулеленудің қажетті қасиеттерін алу үшін және оларды әртүрлі оптикалық және биомедициналық қосымшаларда қолдануға жарамды ету үшін кванттық нүктелердің мөлшері мен құрамын өзгертуге болады.

Бұл мақалада күшті байланысы бар тығыздық функционалы (DFTB) теориясына негізделген компьютерлік модельдеу әдістерін қолдана отырып, өзіндік агрегациялаудың CdS нанобөлшектеріндегі электрондық жұту спектріне және диполь моментіне әсері қарастырылды. Зерттеу нысаны төрт CdS құрылымы және әр кластер үшін біріктірілген димердің екі моделі болып табылады. Кадмий сульфидінің кластерлік димерлерінің құрылысы бастапқы мономерлермен салыстырғанда пассивациялаудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын көрсетті. Бұл жағдайда димерлердің құрылысы мономердің диполь моментінің мәнін азайту үшін оның бағыты бойынша жүруі керек. Сондықтан диполь моменті кадмий сульфидінің нано өлшемді кластерлерінде локализацияланған күйлердің қалыптасуында шешуші рөл атқарады деп болжауға болады және пассивация міндеті диполь моментін төмендетуге бағытталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-08-26

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары