Fe2O3-Nd2O3→NdFeO3/Fe2O3 нанокомпозиттеріндегі термиялық өңдеудің нәтижесінде фазалық құрылуды зерттеу

Авторлар

  • K.B. Egizbek L.N. Gumilyov Eurasian National University, Kazakhstan, Nur-Sultan; The Institute of Nuclear Physics of Republic of Kazakhstan, Kazakhstan, Almaty http://orcid.org/0000-0003-1852-4948
  • K.K. Kadyrzhanov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-8796-0316

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2021.v78.i3.05

Кілт сөздер:

шпинель, Fe2O3-Nd2O3→NdFeO3/Fe2O3, нанокомпозиттер, катализаторлар, термиялық өңдеу, фазалық құрылу

Аңдатпа

Бұл жұмыстың мақсаты – шпинель типті құрылымы бар NdFeO3 / Fe2O3 нано құрылымды композиттерді алуға термиялық өңдеудің әсерін жүйелі түрде зерттеу болып табылады. Бұл нанокомпозиттерге деген қызығушылық оларды магниттік құрылғылардың, катализаторлардың және дәрі - дәрмектерді мақсатты түрде жеткізуге арналған магниттік тасымалдағыштардың негізі ретінде қолданудың үлкен әлеуетіне байланысты. Бұл жұмысты синтез әдісі ретінде екі сатылы синтез қолданылды, оның ішінде Fe2O3 және Nd2O3 нано ұнтақтарын планетарлық диірменде механохимиялық ұнтақтау, содан кейін алынған қоспаны кең температуралық диапазонында: 600 – 1000 °C – термиялық күйдіру өткізілді. Жүргізілген зерттеулер барысында бастапқы күйде алынған нано композиттер – Fe2O3 және Nd2O3 ену және алмастырғыш қатты ерітінді қоспасы түрінде болатыны анықталды. Және де өңдеу температурасы 600 °C кезінде NdFeO3 фазасының түзілуінің басталуы байқалып, ал 1000 °C температурада композиттің құрылымында толық қалыптасады және үстемдік ететіні (құрамы 85 % - дан жоғары) байқалды. Сондай - ақ, термиялық қақтау кезінде Fe2O3-Nd2O3→NdFeO3/Fe2O3 типті фазалық түрлену процестері бөлшектердің өлшемдерінің 1,5 - 2 есе ұлғаюымен қатар жүретіндігі анықталды.

Жарияланды

2021-08-26

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары