Көп өлшемді дәрежеге тәуелді модельдердегі Рейсснер-Нордстрем қара құрдымдарының термодинамикасы және геометротермодинамикасы

Авторлар

  • A.B. Altaybaeva Әл-Фараби атындағы КазҰУ http://orcid.org/0000-0001-9254-7027
  • K.K. Yerzhanov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0003-0732-2080
  • G.B. Bauyrzhan Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-8410-6640

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2021.v77.i2.03

Кілт сөздер:

Рейснер-Нордстрем қара құрдымдары, фазалық ауысулар, гравитациялық өріс, қисықтық скаляры

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары өлшемді модель аясында қара құрдымдардың тепе-теңдік алуан түрінің геометриялық қасиеттері талданады. Ерекше жағдай ретінде көп өлшемді қара құрдым модельдерінің дәрежеге тәуелділігі бар модельдер қарастырылады. Бұл жұмыста осы тақырып бойынша қарастырылған жұмыстарға жалпы шолу жасалынды. Геометриялық термодинамиканың формализмінің негізгі компоненттері қарастырылып, берілген метрика үшін термодинамика келтірілген болып, ол қара құрдымдардың конфигурацияларының тепе-теңдік алуан түрлілігін талдау үшін қолданылады. Зерттеудің негізгі бөлігі – гравитациялық өрістегі
Рейсснер-Нордстром бес өлшемді қара құрдымдарының термодинамикасы мен геометротермодинамикасын зерттеуге арналған нақты жағдайды қарастыру. Бес өлшемді Рейснер-Нордстрем қара құрдымы үшін гравитациялық өрістегі өзара әрекеттесуді көрсететін екінші ретті фазалық ауысулар болатын сингулярлық нүктелер анықталады. Қарастырылған қара құрдымдардың қисаюының онда пайда болатын фазалық ауысулармен көрінісі оның гравитациялық өрістегі әрекетін көрсететіні көрсетілген. Қара құрдымдардың фазалық ауысуының құрылымы ансамбльдің таңдалған моделіне байланысты болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Демек, термодинамикалық параметрлерге байланысты энтропияны, массаның және энтальпияны бейнелеудегі қисықтықтың барлық қарастырылған скалярлық нұсқаларындағы жалғыз ерекшеліктер термодинамикалық тәсілдің қара құрдымға қолданылу шегінен шығады, мұнда ол болжанған жалпы салыстырмалылықтың әдеттегі тәсілдерін қолдану мүмкін емес екендігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-23

Журналдың саны

Бөлім

Теориялық физика. Ядролық және бөлшектер физикасы. Астрофизика

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары