Микроплазмалық тозаңдату параметрлерінің тозаңдалған Zr сымы мен қаптау кеуектерінің жоғалуына әсері

Авторлар

  • S.G. Voinarovych Украина Ұлттық ғылым академиясының Е..O. Патон электр дәнекерлеу институты, Украина, Киев қ. http://orcid.org/0000-0002-4329-9255
  • D.L. Alontseva Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан, Өскемен қ. http://orcid.org/0000-0003-1472-0685
  • A.R. Khozhanov Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан, Өскемен қ.
  • A.L. Krasavin Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан, Өскемен қ. http://orcid.org/0000-0003-2942-6251
  • A.N. Kyslytsia Украина Ұлттық ғылым академиясының Е..O. Патон электр дәнекерлеу институты, Украина, Киев қ. http://orcid.org/0000-0001-8894-4660
  • S.N. Kalyuzhny Украина Ұлттық ғылым академиясының Е..O. Патон электр дәнекерлеу институты, Украина, Киев қ. http://orcid.org/0000-0002-8132-3930

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2021.v79.i4.10

Кілт сөздер:

микроплазмалық тозаңдату (МПТ), цирконий қаптамасы, материалды пайдалану коэффициенті (МПК), кеуектілік, металдандыру фигурасы, имплантаттар

Аңдатпа

Мақалада микроплазмалық тозаңдату (МПТ) кезінде материалды жоғалту себептерін зерттеудің жаңа нәтижелері келтірілген және болат төсеніштерге цирконий сыммен қаптауды тиімді тозаңдату үшін және титан қорытпасында 20,3% дейін қажетті кеуектілігі бар қаптаманы алу үшін оңтайлы параметрлерді таңдау негізделеді. Тозаңдатудың оңтайлы параметрлері материалды пайдаланудың максималды коэффициентін (МПК) - 95%-ға дейін, және шағын көлемдегі бөлшектерге қаптамаларды тозаңдату кезінде материалдың ең аз шығынын қамтамасыз етеді: көлденең қиманың орташа ауданы 2 мм кезінде 47%-ға тең және орташа диаметрі 8 мм төсемдерге тозаңдату кезінде 1%-дан кем болады. Зерттеулер тозаңдату параметрлері, ток күші, тозаңдату қашықтығы, плазма түзетін газдың шығыны және сымның берілу жылдамдығы сияқты 24-1 бөлшек репликалары бар көп факторлы экспериментті қолдана отырып жүргізілді. Тозаңдату нүктесіндегі қаптау материалының таралуын зерттеу үшін фигуралардың металдандыру макро түсірілімі жүргізілді және оларды жуықталған қисықтарды құрастырумен талданды. Сканерлейтін электронды микроскопия әдісімен цирконий қаптамаларының кеуек мөлшері мен титан қорытпасына микроплазмалық тозаңдатудың әртүрлі параметрлері бар кеуектілік анықталды. Эксперименттік нәтижелерді регрессиялық талдау әдістерімен микроплазмалық тозаңдату параметрлерінің МПК шамасына және қаптамалардың кеуектілігіне әсер ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін теңдеулер алынды, сонымен қатар ток күші мен плазма түзетін газдың шығыны ең үлкен әсер ететіндігі анықталды. Медициналық импланттарды жабуға жарамды кеуектілігі бар цирконий қаптамасының МПТ оңтайлы параметрлерін таңдау дәлелденді.

Автор өмірбаяндары

  • D.L. Alontseva, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан, Өскемен қ.

     

     

  • A.L. Krasavin, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан, Өскемен қ.

     

     

  • A.N. Kyslytsia, Украина Ұлттық ғылым академиясының Е..O. Патон электр дәнекерлеу институты, Украина, Киев қ.

    Ученая степень (кандидат наук, доктор наук, PhD) кандидат технических наук

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-04

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары