Лездік радио жарқылдарын тудырушы нейтронды жұлдыздар туған өлкесінен қаншалықты алысқа кете алады?

Авторлар

  • A. Otebay В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт, Қазақстан, Алматы қ.; Энергетикалық ғарыш зертханасы, Назарбаев университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0003-3041-547X
  • M. Kalambay В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт, Қазақстан, Алматы қ.; Энергетикалық ғарыш зертханасы, Назарбаев университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-0570-7270
  • B. Shukirgaliyev В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт, Қазақстан, Алматы қ.; Энергетикалық ғарыш зертханасы, Назарбаев университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-4601-7065

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2021.v79.i4.05

Кілт сөздер:

лездік радио жарқылдардың ықтималды көздері, жас жұлдыздық шоғырлар, жас нейтрондық жұлдыздар

Аңдатпа

Соңғы зерттеулер бойынша магнетарлар – жас нейтрондық жұлдыздар - лездік радио жарқылдарының көздеріне жақсы үміткерлер екенін көрсетті. Нейтрондық жұлдыздар II типті асажаңалардың жарылыстарының қалдықтары ретінде пайда бола алады. Яғни, мұндай жас нейтрондық жұлдыздар өздерінің аналық жас жұлдызды шоғырмен байланысты болуы керек. Бұл жұмыста жарылыстан кейінгі қосымша жылдамдыққа ие болып, шоғырдан шығып кететін лездік радио жарқылдарға үміткерлер туған өлкесінен қаншалықты алыстай алатындығы қарастырылады. Сондықтан біз жұлдыздық кластерлердің ерте эволюциясын сандық модельдейміз және барлық жас нейтрондық жұлдыздарды қадағалаймыз. Нейтрондық жұлдыздар болжалды магнетар күйінде болған кезде шоғырда болуы да, оддан шығып кетуі мүмкін екендігі анықталды. Шоғырдың эволюциясы барысында, уақытқа тәуелсіз, лездік радио жарқылдар өз кластерінің ішінде де, одан тыс жерлерде де болулары мүмкін. Лездік радио жарқыл көзінің үміткерлері кластерден алыстай алатын максималды қашықтық 250 пк-тен аспайды. Яғни, аналық молекулалық бұлттағы иондалған, қалдық жұлдыз түзүші газ лездік радио жарқылдардың дисперсия өлшемдерінің жоғары болуына өз әсерін тигізуі ықтимал.

Жарияланды

2021-12-02

Журналдың саны

Бөлім

Теориялық физика. Ядролық және бөлшектер физикасы. Астрофизика