ТІРКЕГІШ ОРТАЛАРДЫ СЫНУ КОЭФИЦИЕНТІНІҢ ФУНКЦИЯСЫ РЕТІНДЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Аңдатпа
Жұмыста толқынның фазалық жылдамдығын сипаттайтын сыну коэффициентіне ортаның қасиеттерінің әсері қарастырылған, сонымен қатар сыну коэффициентінің e-ортаның диэлектрлік өтімділігі мен m-магниттік өтімділігінің абсолют мәніне ғана емес, таңбасына да тәуелділігі, яғни , оның теріс мән де қабылдайтындығы қарастырылған. Бұл функционалдық тәуелділік, алдыға қойылған есепті шешу үшін тікелей ескерілетін электродинамиканың негізгі теңдеуі мен оған сәйкес материалдық теңдеулерді сипаттайтын математикалық модель түрінде өрнектелген. Сонымен қатар бұл жұмыс голограммалық оптикалық құралдар және олардың ажыратқыштық қабілеттіктерін зерттеуге арналған.
