Сутегі атмосферасында өңдеудің вольфрам оксиді наноұнтақтарының фотокаталитикалық белсенділігіне әсері

Авторлар

  • Sh.T. Nurbolat Қолданбалы ғылымдар және ақпараттық технологиялар институты ЖШС, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-7972-6792
  • A.A. Markhabayeva Қолданбалы ғылымдар және ақпараттық технологиялар институты ЖШС, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-0657-422X
  • N.B. Bakranov Қазақ-Британ техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-4577-6510
  • A.T. Tulegenova Қолданбалы ғылымдар және ақпараттық технологиялар институты ЖШС, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5701-6674

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2021.v79.i4.07

Кілт сөздер:

суды тазарту, фотокатализ, вольфрам оксиді, наноұнтақтар

Аңдатпа

Бұл ұсынылған жұмыста вольфрам оксидінің WO3 наноұнтақтарын белгілі гидротермалды әдіспен синтездеу және қасиеттерін зерттеу жүргізілген және нәтижелері көрсетілген. Синтезделген WO3 наноұнтақтардың құрылымдық ерекшеліктері рентген фазалық және Раман спектроскопиясы арқылы зерттелді. Тәжірибе нәтижесінде алынған WO3 наноұнтақтар вольфрам оксидінің моноклинді модификациясы болатыны көрсетілді. Сканерлеуші электронды микроскоп арқылы синтезделген үлгілердің морфологиясы туралы деректер алынды. Үлгілер тікбұрышты пішінді, беті тегіс, өлшемі 50 – 150 нм диапазонында жататын нано пластиналар түріндегі ұнтақтар екені анықталды. Сондай-ақ, наноұнтақтардың фотокатализаторлар ретінде суды органикалық ластаушы заттардан тазарту үшін фотокаталитикалық қасиеттері зерттелді. Синтезделген материалдардың айырықша фотокаталитикалық белсенділігі родамин Б бояғыш затын ультракүлгін сәулесімен сәулелендіргенде ыдырауы кезінде анықталды. Қосымша оттегінің вакансияларын енгізу мақсатында вольфрам оксидінің наноұнтақтарын сутегі атмосферасында термиялық өңдеу әдісі оңтайланды. Нәтижесінде стехиометриялық емес құрамдағы вольфрам оксидінің наноұнтақтары алынды. Сутекті термиялық өңдеудің фотокаталитикалық белсенділікке әсері бойынша салыстырмалы зерттеулер жүргізілді. 400  C температурада сутегі атмосферасында қалпына келтіретін термиялық өңдеуден кейін бастапқы WO3 оксидінің фотокаталитикалық белсенділігі екі еседен астам өскені анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-04

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары