Нейтрино массасының астрофизикалық, феноменологиялық және эксперименттік болжамдары, жаңа физиканың іздері
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2022.v82.i3.01Кілт сөздер:
астрофизика, нейтрино массасы, нейтринолық фон, нейтринолық эксперименттерАңдатпа
Стандарттық модельдің бірнеше проблемаларының (нейтрино массалары және осциллясиялары, қараңғы материя, Ғаламдағы бариондық асимметрия, лептонды СР-бұзылуы) шешімін табуға жол сілтейтін жаңа физиканың аса маңызды феноменологиялық және эксперименталды болжамдары келтірілген. Ерте ғаламдағы деректер және лабораториялық зондтардағы мәліметтер бойынша космологиялық нейтрино массаларының шкаласындағы ұқсастық, және де жаңа физика мен құбылыстар зерттеуі талқыланған. Космологиядан жеке нейтринолардың массаларын тікелей өлшеу мүмкін емес, бірақ нейтринолардың нөлдік емес толық массасын болашақта нейтринолардың массалық иерархиясы ретінде қарастырғанда табылатыны сөзсіз. Қазір нейтрино физикасы дәл өлшеу дәуіріне енді. Катрин эксперименті нейтрино массасы 0,20 эВ-тан асатын болса, оның дәл массасын 2025 жылға дейін тікелей өлшеуге толық мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта нейтриносыз қос бета ыдырау процессін бақылау бойынша бірнеше тәжірибелер жүргізілуде.
Болашақта, егер космологиялық деректер тербелістер рұқсат ететін минимумнан нейтрино массасының кішірек мәнін немесе нейтрино массаларының қосындысынан кіші мән көрсетсе, бұл сәйкессіздік жаңа физика пайдасына маңызды дәлел болады. Әрқашан космологиялық және зертханалық нәтижелерді мұқият салыстыру арқылы ғана оларды бірге талдау жасауға болады.
