6Li және 7Li изотоптарында нақты және виртуалды α-бөлшектерінің қарпу реакцияларының ерекшеліктері
DOI:
10.26577/RCPh.2022.v80.i1.01Кілт сөздер:
virtual and real α-particles, excitation spectra of 6Li and 7Li, 10B and 11B nuclei, radiative capture, lithium transfer reactionsАңдатпа
Мақалада виртуалды және нақты α-бөлшектердің 6Li және 7Li изотоптарымен 10В және 11В ядроларының негізгі және қозған күйлерін түзумен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері қарастырылған. Ядроның құрылымын сипаттау үшін көпбөлшекті қабықша моделі қолданылады. Нақты және виртуалды α-бөлшектерді ұстау кезінде 10В және 11В ядроларының қозу спектрлеріндегі айтарлықтай айырмашылық осы ядролардың құрылымдық ерекшеліктерімен және α-бөлшектерді ұстаудың әр түрлі механизмдерімен түсіндіріледі. Нақты α-бөлшектер реакцияларда (α, γ), ал виртуалды - литий кластерінің берілу реакцияларында ұсталады. Бор изотоптарының екеуінде де алғашқы ыдырау арнасы - α-бөлшек, содан кейін бөлшектердің бөлінуімен келесі ыдырау каналына дейін бірнеше МэВ энергия диапазоны болады. Бұл жағдайда осы энергетикалық диапазонда S-факторлары аномальды түрде аз болады. Егер қоздырылған деңгейлер белгілі бір а бөлшектерінің шығуы кезінде ядроның ыдырау шегінен жоғары тұрса, онда S факторлары парциалдық ыдырау ендеріне Га - мен байланысты боп шығады. Энергияға тәуелді емес және тек бастапқы және соңғы күйлер құрылымымен анықталатын спектроскопиялық факторларға қарағанда парциалдың Г ені бөлшектер шығаратын энергияға тәуелді. Энергияның тар аймағында, бөлшектер шығарудың бірінші табалдырығынан екінші табалдырыққа дейінгі диапазонда қалдық ядролардың қоздыру қималары нақты және виртуалды α-бөлшектермен айтарлықтай ерекшеленетіні көрсетілген. Радиациялық α-қарпу реакцияларындағы үлкен қималарында пайда болған γ-кванттары термоядролық плазма үшін қолданылуы мүмкін.
