ССР-Қ реакторында литий керамикасын сәулелендіру эксперименттерінің есептік негіздемесі

Авторлар

  • A.A. Shaimerdenov Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-0304-2049
  • A.M. Akhanov Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8125-4461
  • D.S. Sairanbayev Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-7587-3461
  • M.T. Aitkulov Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-9089-3409
  • K.S. Kisselyov Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-1712-0052
  • Zh.T. Bugybay Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-0195-7969
  • M.S. Merezhko Ядролық физика институты, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8727-4404
  • A.T. Mukhamejanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2022.v82.i3.05

Кілт сөздер:

литий керамикасы, ССР-Қ, тритийдің бөлінуі, нейтрондар ағыны

Аңдатпа

Бұл жұмыста ССР-Қ реакторында литий керамикасы бар капсулалардың сәулелену кезіндегі әртүрлі конструкцияларының нейтрондық-физикалық және термофизикалық есептеулерінің нәтижелері ұсынылған. ССР-Қ реакторының белсенді аймағында литий керамикасының сәулеленуінің негізгі шарттары сипатталған. Литий керамикасымен өткізуге болатын реакторлық эксперименттердің екі түрін жүргізу мүмкіндігі көрсетілген: нақты уақыт режимінде тритий бөлінуін тіркей отырып, жоғары температуралы сәулелену және үлгілерді газсыздандыру бойынша реактордан кейінгі эксперименттермен төмен температуралы сәулелену көрсетілген. Литий керамикасы штаттық капсулада сәулеленген кезде үлгілердің температурасы 60 °С-тан аспайды, ал эксперименттік құрылғыда сәулеленген кезде үлгілердің температурасы 800 °С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Эксперименттік құрылғының сәулелендіру капсуласындағы үлгілердің температурасының реактордың қуатына тәуелділігі келтірілген. Нейтрондар ағынының әртүрлі тығыздығы үшін литий керамикасындағы тритийдің (6Li(n,α)Т және 7Li(n,αn)T ядролық реакциялары үшін жеке-жеке) өндірілуі яғни шығуы бойынша бағалау келтірілген. ССР-Қ реакторының перифериялық сәулелендіру каналындағы тритийдің түзілу жылдамдығы ~2 105 с-1 құрайды. ССР-Қ реакторының белсенді аймағына үлгілер салынған капсуланы тиеудің реактивтілік әсері штаттық капсула үшін минус 0,05 βэфф және эксперименттік құрылғы үшін минус 0,3 βэфф құрайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>