Күн жүйесінің гравитациялық өрісінің энергетикалық бейнесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2022.v83.i4.07Кілт сөздер:
Ключевые слова: пакет прикладных программ Mathсad, график потенциальной энергии, точка «пересадки», парад планет, обобщенная энергетическая картина.Аңдатпа
Мақалада Күн жүйесінде қозғалған ғарыш аппаратының (ҒА) басқа аспан денелерімен өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттеудің теориялық нәтижелері келтірілді. Ғарыштық аппараттың Күн және басқа планеталармен өзара әсерлесуін сипаттайтын байланыс энергиясының теңдеулері зерттелді. Біз траекториясы қарастырылып отырған аспан денелерінің центрлері арқылы өтетін ғарыш аппаратының түзу сызықты қозғалысын таңдадық. Аспан денелерінің өзара әсерлесу энергиясын зерттеу мақсатында гипотетикалық модель таңдалып алынды: «Күн және планета» жүйесінің планеталар парады жағдайындағы «бекітілген» моделі қарастырылды.
Бұл жұмыстың мақсаты - Жер, Венера және Күн центрлерін байланыстыратын түзудің әр нүктесіндегі бірлік массаның Күн жүйесінің гравитациялық өрісіндегі потенциалдық энергиясының мәндерін анықтау. Ол үшін ҒА-ның Жер бетінен Венера мен Күн бетіне орын ауыстыруы қарастырылды. Бұл орын ауыстыру Күн мен планеталардың орталықтары арқылы өтетін радиальдық координаталық ось бойымен жүреді.
Ғарыш аппараты мен басқа аспан денелері арасындағы байланыс энергиясы компьютерлік есептеулер арқылы зерттеледі. Компьютерлік құрал ретінде Mathcad қолданбалы бағдарламалар пакеті қолданылды. Mathcad пакеті көмегімен Күн жүйесінің жалпы потенциалдық энергиясының графигі жасалды. Mathcad пакетінің есептеу мүмкіндіктерін қолдана отырып, осы планеталардың потенциалдық энергиясының графиктері зерттелді. Ғарыш аппаратын Жер бетінен Венера бетіне (Меркурий немесе Күн бетіне) орын ауыстыру үшін қажет жұмыс мөлшері есептелді. Mathcad компьютерлік құралдары көмегімен әр планетаның маңайындағы нүктелердегі потенциалдық энергияның графигі зерттеді (планетаның потенциалдық шұңқыры).











