Ғарыш райының орта ендікте геомагнитті индукцияланған токтың пайда болуына әсер етуін зерттеу
##doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2023.v84.i1.06Кілт сөздер:
Ғарыш райы, магниттік дауыл, геомагнитті индукцияланған токАңдатпа
Соңғы онжылдықта геофизикалық мәселелер арасында геомагниттік индукциялық токтар негізіндегі физикалық процестердіді зерттеу - іргелі зерттеулер мәселелерінің негізгілерінің бірі болып тұр. Геомагнитті индуцияланган токты қатерлі "соққы" аспектісі ретінде қарау бастапқыда NASA-ның "Жұлдызбен өмір сүру" жобасында орын алды және осы жұмыс тобының негізгі нәтижелерінің бірі геомагниттік индукцияланған токтың мәселерінің ғылыммен техниканы ұштастыра отырып шешу керектігін көрсеткенінде болды. Ұсынылып отырған жұмыста есептеулер бірқабатты модель арқылы жүзеге асырылды, ол модель іргелі заңдарына негізделген. Бұл жұмыста 2016 – 2021 жылдар аралығында орта ендікте “Алма-ата” магниттік обсерватория мәліметтеріне жүгіне отырып магниттік дауылдар зерттелінді. Қарастырылған геофизкалық жағдайлар үшін геоиндукцияланған токтар мәні анықталып, токтардың орта ендікте индукциялану ерекшеліктері зерттелді.
2016 – 2021 жылдар аралығында геомагниттік жағдайды зерттеліп, 25 жағдай бөлініп алынды. Ол жағдайлар ішінде: 1 күшті дауыл, 1 орташа дауыл, 5 субдауыл, және 18 қарапайым магниттік дауыл болды. Осы жағдайдар үшін индукцияланған ток мәндері бағаланды. Индукцияланған ток мәні, күшті магниттік дауыл кезінде I=0,4 мА құрады. Орташа магниттік дауыл кезінде I=0,14 мА құрады. Басталуы күрт дауыл кезінде I=0,75 мА құрады. Қарапайым магниттік магниттік (0,06 – 0,15)мА болды. Жалпы дауыл қарқындылығының өсуіне қарай индукцияланған ток мәні де өседі. Алайда, ерекшелік те бар. Мысалы, басталуы күрт дауыл кезінде дауыл кр – индексіне қарап бағалағанда әлсіз дауылдар қатарына жатқанымен, индукцияланған ток мәні үлкен болып шықты. Субдауыл кезінде 0,07 – 0,13 мА ток индукцияланған.
