Суды фотохимиялық ыдырату үшін Cu2O микрокубінің синтезі

Авторлар

  • A.A. Markhabayeva ТОО Институт Прикладных наук и информационных технологий; Казахстанско-Британский технический университет, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-0657-422X
  • Y. Yerlanuly ТОО Институт Прикладных наук и информационных технологий; Казахстанско-Британский технический университет, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-6757-1041
  • N.E. Akhanova ТОО Институт Прикладных наук и информационных технологий; Казахстанско-Британский технический университет, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-2767-8711
  • A.S. Zhakypov ТОО Институт Прикладных наук и информационных технологий; Казахстанско-Британский технический университет, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-9904-318X
  • R.R. Nemkayeva ТОО Институт Прикладных наук и информационных технологий; Казахстанско-Британский технический университет, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-8782-703X
  • M.A. Tulegenova ТОО Институт Прикладных наук и информационных технологий, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-6413-4302
  • M.T. Gabdullin Казахстанско-Британский технический университет, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0003-4853-3642

DOI:

10.26577/RCPh.2023.v85.i2.06

Кілт сөздер:

оксид меди, разложение воды, структура оксида меди

Аңдатпа

Бұл жұмыста бір валентті мыс оксиді (Cu2O) ұнтақтары синтезделіп, күн сәулесінің көмегімен суды сутегіге фотохимиялық ыдырату үшін арналған материал ретінде зерттелген. Ұнтақтарды синтездеу үшін аскорбин қышқылын пайдаланып бөлме температурасында химиялық тұндыру әдісі қолданылды. Бұл әдіс басқа қолданыстағы әдістермен салыстырғанда энергияны үнемдейтін, тиімді, жылдам және қарапайым болып табылады. Сканерлеуші электронды микроскоп арқылы алынған синтезделген үлгілердің морфологиясы туралы деректер келтірілген. Нәтижесінде біртекті текше Cu2O микробөлшектері алынды. Элементтердің құрамы энергиялық дисперсті талдау арқылы расталды. Құрылымдық сипаттамалары сонымен қатар Раман спектроскопиясы мен рентгендік дифракциялық талдау арқылы зерттелді. Электрохимиялық қасиеттерін зерттеу үшін никель көбікте синтезделген ұнтақтардың негізінде электрод жасау технологиясы оңтайланды. Өте жақсы тотығу-тотықсыздану қасиеттерін көрсететін циклдік вольтаммограмма ретінде электрохимиялық сипаттама алынды. Сондай-ақ ұнтақтардың фотокаталитикалық қасиеттерін сутегін алу үшін спирт ерітіндісін ыдырату үшін фотокатализатор ретінде пайдалану үшін зерттелді. Сутегінің бөлінуі хроматографиялық әдіспен анықталды. Мыс оксиді ұнтақтарының қатысуымен көрінетін жарықпен суды фотохимиялық қалпына келтіру кезіндегі фотокаталитикалық белсенділігі анықталды, бұл оны әрі қарай зерттеу үшін қызықты материал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-15

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>