Плазма бөлшектерімен соқтығысуды ескеретін режимде бөлшектердің таралуы каппа таралу болатын электрондық және ион ағынымен плазмалық тозаңды бөлшектердің зарядталуы

Авторлар

  • М. Мырзәлі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭТФҒЗИ, Қазақстан, Алматы қ.; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-8811-7099
  • Р.У. Машеева Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.; Вигнер атындағы физиктерге арналған зерттеу орталығы, Венгрия, Будапешт қ. https://orcid.org/0000-0002-6950-662X
  • М.Н. Джумагулов Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0003-0189-044X

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v88i1a04

Кілт сөздер:

тозаңды плазма заряды, бөлшектердің ағыны, соқтығысу режимі, тепе-тең емес плазма

Аңдатпа

Бұл ұсынған жұмыста бөлшектердің каппа таралуын ескере отырып, тепе-теңдіксіз плазмасында тозаңды бөлшектердің зарядталу процесі зерттелді. Иондардың қайта зарядталуына әкелетін плазма бөлшектерінің соқтығысуын ескере отырып каппа таралуы негізінде тозаңды бөлшектердің зарядтарын сипаттау үшін теңдеулер алынды. Жұмыста тозаңды бөлшектің айналасындағы жұқа соқтығыспайтын аймақтан li(e) << a кеңірек аймаққа өтуі li(e) >> a қарастырылған, ол үшін li(e) << lD және a << lD деп шартталады, мұнда li(e) – ионның (электронның) орташа еркін жүру жолы, a – тозаңды бөлшектердің радиусы және lD – экрандалу ұзындығы. Сондай-ақ, иондану және рекомбинация процестері тозаңды бөлшектердің айналасында болмайды деп шартталады. Осы болжамдар ескеріліп құрастырылған аналитикалық модель тепе-тең емес кеңістіктегі тозаңды плазма бөлшектерінің зарядталуын зерттеу үшін пайдаланылады. Тозаңды бөлшектердің бетіндегі иондар мен электрондар ағынының өрнектері каппа таралу негізінде шығарылды және тағыда Максвелл таралымы негізінде алынған басқа авторлардың нәтижелерімен салыстырылды. Электрон және ион ағындарының тепе-теңдігі негізінде тозаңды бөлшектердің заряды алынды. Тозаңды бөлшектердің айналасындағы иондар мен электрондардың тығыздығы қысқаша талданады.

Автор өмірбаяндары

  • М. Мырзәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭТФҒЗИ, Қазақстан, Алматы қ.; Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    PhD студент, email: murat.myrzaaly@mail.ru

  • Р.У. Машеева, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.; Вигнер атындағы физиктерге арналған зерттеу орталығы, Венгрия, Будапешт қ.

    автор корреспондент, PhD, email: masheyeva.ranna@gmail.com

  • М.Н. Джумагулов, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    PhD, email: dzhmn@mail.ru

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-19

Журналдың саны

Бөлім

Плазма физикасы

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары