ССР-Қ реакторында фторланған детонациялық наноалмаздардың ұнтағын төмен температуралық сәулелендіру эксперименті: шарттары және үлгілерді бастапқы сипаттау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v89i2-06

Кілт сөздер:

детонациялық наноалмаз, детонациялық наноалмаз, фтор, фтор, ССР-Қ, ССР-Қ, өте суық нейтрондар, өте суық нейтрондар, ультрасуық нейтрондар, ультрасуық нейтрондар

Аңдатпа

Фтормен легирленген детонациялық наноалмаздардың (ДНА) ұнтақтары нейтрондарды шағылыстыратын жаңа материалдар ретінде қарастырылып отыр. Олар суық және ультрасуық нейтрон көздерінің сипаттамаларын едәуір жақсартуының арқасында жаңа эксперимент түрлерінің сапалы деңгейде өтуіне септігін тигізеді. Ондай нәтижеге ДНА-ның жоғары диффузиялық және квазиайналы шағылыстыру сияқты қасиеттері есебінен қол жеткізіледі. Шағылыстыру қабілетінің жоғары болу есебінен нейтрондарды жеткізу және сәйкесінше нейтрон қондырғыларындағы нейтрондар ағыны жақсара түседі. ССР-Қ реакторында салынуға жоспарланған өте суық және ультрасуық нейтрондар көзінің шағылыстырғыш материалы ретінде фторланған ДНА қарастырылуда. Дегенмен, қазіргі таңда нейтрон өрісіндегі фторланған ДНА-ның қалай өзгеретіндігі туралы эксперименттік деректер тым аз, сондықтан ДНА-ның радиациялық төзімділігін зерттеу үшін ССР-Қ реакторында оларды сәулелендіру және одан кейінгі зерттеулер бойынша жұмыстар басталды. Ол үшін сәулелендіру капсуласының оңтайлы конструкциясы әзірленді және реакторлық сәулелендірудің шарттары мен шектерін негіздеу үшін оған кешенді есептер жүргізілді. Осы жұмыста сәулеленген үлгілердің және реакторлық эксперименттің сипаттамасы, үлгілерді сәулелендіру әдісі мен шарттары және сәулелендіруден кейінгі бастапқы сипаттау нәтижелері келтірілген.

Автор өмірбаяндары

  • Қ. Тұрлыбекұлы, Ядролық физика институты, Алматы қ., Қазақстан

    PhD, email: k.turlybekuly@inp.kz

  • М.Т. Айткулов, Ядролық физика институты, Алматы қ., Қазақстан

    автор корреспондент, email: maitkulov@inp.kz

  • Ж.Т. Буғыбай, Ядролық физика институты, Алматы қ., Қазақстан

    PhD, email: zh.bugybay@ inp.kz

  • С.Қ. Әскербеков, Ядролық физика институты, Алматы қ., Қазақстан

    PhD, email: askerbekov@inp.kz

  • А.А. Шаймерденов, Ядролық физика институты, Алматы қ., Қазақстан

    PhD, email: ashaimerdenov@inp.kz

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

[1]
Қ. Тұрлыбекұлы, М. Айткулов, Ж. Буғыбай, С. Әскербеков, and А. Шаймерденов, “ССР-Қ реакторында фторланған детонациялық наноалмаздардың ұнтағын төмен температуралық сәулелендіру эксперименті: шарттары және үлгілерді бастапқы сипаттау”, Rec.Contr.Phys., vol. 89, no. 2, pp. 42–49, Jun. 2024, doi: 10.26577/RCPh.2024v89i2-06.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары