Әртүрлі ені мен ұзындықтағы поливинилхлоридті үлгілердегі салыстырмалы созылуының механикалық кернеуден тәуелділігін зерттеу

Авторлар

  • А.И. Купчишин Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8872-3734
  • М.Н. Ниязов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0230-9303

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-08

Кілт сөздер:

поливинилхлорид, механикалық қасиеттер, деформация, созылу, механикалық кернеу, экспоненциалды модель

Аңдатпа

Әртүрлі ені мен ұзындықтағы поливинилхлоридті үлгілердегі салыстырмалы ұзарудың механикалық кернеуге тәуелділігі эксперименталды түрде зерттелді. Зерттеудің мақсаты әртүрлі өлшемдегі (ені мен ұзындығы) поливинилхлоридті пленкалардың механикалық кернеуіне деформацияның тәуелділігін зерттеу болды. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы деректердің болашақ зерттеулерге негіз бола алатынында. Зерттелетін материал ретінде қалыңдығы 100 мкм поливинилхлоридті пленка таңдалды. Үлгіні кесу ені мен ұзындығы реттелетін арнайы кесу құрылғысының көмегімен пленка парақтары ені 3, 5, 7, 10 мм жолақтарға кесілді. Үлгілердің жұмыс ұзақтығы: 4, 5, 6, 7, 8 см. Бұл қондырғы деформацияның (салыстырмалы ұзару) ε кернеуге σ тәуелділігін зерттеуге арналған. Әртүрлі геометриялық параметрлерге байланысты материалдың механикалық қасиеттерінің елеулі өзгерістері анықталды. Алынған деректер авторлардың үлгілерімен қанағаттанарлық сипатталған. Бұл зерттеудің құндылығы жұмыс нәтижелері, авторлардың пікірінше, зерттеу объектісінің механикалық қасиеттерін жақсартуға ынталандыру ретінде қызмет ететіндігінде.

Автор өмірбаяндары

  • А.И. Купчишин, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    физ.-мат.ғыл.докт., проф., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан. email: ankupchishin@mail.ru

  • М.Н. Ниязов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    автор-корреспондент, магистр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан. email: marat—90@mail.ru

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-17

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience