Модифицирленген күкіртті бетонның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу

Авторлар

  • Н.Д. Аманова Термез мемлекеттік университеті, Термез қ., Өзбекстан https://orcid.org/0009-0004-3337-2529
  • Х.Х. Тураев Термез мемлекеттік университеті, Термез қ., Өзбекстан https://orcid.org/0000-0002-0627-5449
  • А.Т. Джалилов Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан https://orcid.org/0000-0002-1949-5790
  • A.K. Номозов Термез мемлекеттік инженерлік және агротехнологиялық университеті, Термез қ., Өзбекстан https://orcid.org/0000-0003-0409-8247
  • Е.С. Соттикулов Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан https://orcid.org/0009-0008-2010-1905
  • Ю.А. Махмудова Өзбекстан Ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан https://orcid.org/0009-0009-2152-1095

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-06

Кілт сөздер:

күкірт, күкірт, күкіртті бетон, күкіртті бетон, модификатор, модификатор, анилин гидрохлорид, анилин гидрохлорид, рентгендік фазалық талдау, рентгендік фазалық талдау, дифрактограмма, дифрактограмма, электронды микроскоп, электронды микроскоп, ИҚ-спектроскопия, ИҚ-спектроскопия, Раман спектроскопиясы, Раман спектроскопиясы

Аңдатпа

Бұл зерттеуде элементарлы күкіртті органикалық модификаторлармен өңдеу арқылы оның полимерлену процесі тереңірек зерттелді. Нәтижесінде, күкірт бетондары үшін жоғары сапалы байланыстырғыш алуға мүмкіндік беретін оңтайлы модификациялау шарттары анықталды. Модификацияланған күкірт негізіндегі күкірт бетондарын алу технологиясы толық сипатталды.

Тәжірибе барысында элементарлы күкіртті 140-145 °C температураға дейін қыздырып, содан кейін анилин гидрохлориді қосылды. Реакцияны толықтыру үшін температураны 160 °C дейін көтеріп, 45 минут бойы сақтады. Алынған күкірт бетонының орташа тығыздығы 2382 кг/м³ құрады. Оның құрамына 56% құм, 14% күл және 30% модификацияланған күкірт кірді.

Модификацияланған күкірт негізіндегі күкірт бетонның физикалық-химиялық қасиеттерін толықтай зерттеу үшін рентгендік фазалық талдау, инфрақызыл спектроскопия, сканерлеуші электронды микроскопия, гамма-спектроскопия және рентгендік флуоресценттік анализ әдістері қолданылды. Сонымен қатар, материалдың жылулық тұрақтылығын бағалау үшін дифференциалды термоанализ және термогравиметриялық анализ әдістері қолданылды. Дебай-Шеррер теңдеуі бойынша есептелген полимерлі күкірт бетонының бөлшектерінің орташа мөлшері 84,14 нм құрады, бұл оның жоғары дисперстілігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жоғары беріктікке және әртүрлі сыртқы әсерлерге төзімділігі жоғары жаңа құрылыс материалы – күкірт бетон алуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс әзірленді.

Автор өмірбаяндары

  • Н.Д. Аманова, Термез мемлекеттік университеті, Термез қ., Өзбекстан

    автор-корреспондент, PhD, доцент, Термез мемлекеттік университетінің химия факультеті, Термез қ., Өзбекстан. email: amanova0176@gmail.com

  • Х.Х. Тураев, Термез мемлекеттік университеті, Термез қ., Өзбекстан

    химия ғылымдарының докторы, Термез мемлекеттік университетінің химия факультетінің профессоры, Термез, Өзбекстан. email: hhturayev@rambler.ru

  • А.Т. Джалилов, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан

    химия ғыл. докт., профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ташкент қ.  Өзбекстан. email: gup_tniixt@mail.ru

  • A.K. Номозов, Термез мемлекеттік инженерлік және агротехнологиялық университеті, Термез қ., Өзбекстан

    PhD, доцент, Термез мемлекеттік инженерлік және агротехнологиялар университетінің «Химиялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі. Термез қ., Өзбекстан. email: abrornomozov055@gmail.com

  • Е.С. Соттикулов, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан

    доцент, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институтының «Химиялық инженерия» зертханасы кафедрасының меңгерушісі, доцент. Ташкент қ., Өзбекстан. email: gup_tniixt@mail.ru

  • Ю.А. Махмудова, Өзбекстан Ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан

    Өзбекстан Ұлттық университетінің химия факультетінің студенті. Ташкент қ., Өзбекстан. email: amanova0176@gmail.com

Жарияланды

2024-09-17

Журналдың саны

Бөлім

Конденсирленген күй физикасы және материалтану проблемалары. Наноғылым

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары