Импульстік плазмалық қозғалтқыштағы тұтандырушы ұшқын разрядының жану процесін зерттеу

Авторлар

  • Ж.Б. Игибаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2474-1519
  • М.К. Досболаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0724-1793

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh20259216

Кілт сөздер:

импульсті плазмалық қозғалтқыш, разрядтық ток, ұшқындық разряд, плазманың эмиссиялық спектрі

Аңдатпа

Бұл зерттеуде тұтану процесін оңтайландыру және оның негізгі плазмалық ағынның қалыптасуы мен дамуына әсерін зерттеу мақсатында бірнеше эксперименттер жүргізілді. Тұтану ұшқыны графит стерженьнің жерге қосылған электродпен жанасуы кезінде пайда болады. Ал графит электрод импульсті плазмалық қозғалтқышта (ИПҚ) отын ретінде пайдаланылады. Импульсті разрядтың қалыптасу динамикасы CMOS Phantom VEO710S жоғары жылдамдықты камерасының көмегімен тіркеліп, плазманың пайда болу және үдеу кезеңдерін анықтауға мүмкіндік берді. Разрядтың эмиссиялық спектрі Optosky сызықтық спектрометрінің көмегімен алынған, бұл плазманың құрамын талдауға және тарту күшінің көзін анықтауға мүмкіндік береді. Ұшқындық және негізгі разрядтардың ток күшінің уақыт бойынша өзгерісі Роговский белбеуінің көмегімен өлшенді.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.Б. Игибаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    (автор-корреспондент) – Магистрант, ғылыми қызметкер, Эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институты, email: igizhan09@gmail.com

  • М.К. Досболаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    қуым. проф., Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивреситеті, Алматы қ., Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары