Ядролық бөлшек пен антибөлшектің физикасы мен метафизикасы

Авторлар

  • Г.Ш. Яр-Мұхамедова Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5642-3481
  • Қ. Mұқaшев Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3568-7143
  • Л.А. Габдрахманова Башкортстан мемлекеттік ғылым-технология университеті, Уфа, Ресей https://orcid.org/0000-0002-3572-0353
  • Ф.Ф. Умаров Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7475-0977

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh2025957

Кілт сөздер:

физика, метафизика, бөлшек, антибөлшек, аннигиляция, әрекеттесу моделі, қармау моделі, металдар, құрылымдық ақаулар

Аңдатпа

Мақала позитрон мен электронды негізгі зерттеу нысандары ретінде қолдану арқылы бөлшек пен антибөлшектің кристалдық тор ішінде өзара әрекеттесу механизімін позитронның метафизикалық күйден физикалық күйге, физикалық күйден техникалық физика күйіне түрлену мүмкіндігінің моделін құрып, эксперимент нәтижелерін талдауға арналған. Лептондар тобына жататын аталмыш екі бөлшектің арасында әлсіз немесе электромагниттік әсерлесу орын алуы ықтимал. Әлсіз әсерлесу жақын аралықта байқалса, электромагниттік әсерлесу алыс қашықтықта орын алатын құбылысқа жатады. Егер табиғаты әртүрлі, зарядтарының таңбасы қарама-қарсы осындай бөлшектер кристал денелерде бір мезгілде туындайтын болса, олардың арасында тартылыс орнау үшін осы екі әсерлесудің де қатар орын алуы заңды процес. Солай бола тұра, бұл әсерлесулердің механизмі мен табиғаты осы уақытқа дейін толық ашылды деуге ешбір негіз жоқ. Соған байланысты, электрондар мен позитрондарды ұялы құрылымға топтастырылған, өзінің физикалық күйін өзгерту нәтижесінде біреуі қарсы жақтың шығаратын толқынды өрісін сезу арқылы қабылдайтын фемто- немесе актоөлшемді «позитрониттер» мен «электрониттерден» тұратын  бөлшектерге жіктелетін гипотетикалық моделі ұсынылады. Осы модель негізінде қатты денелердің құрылымдық қасиеттерін зерттеуге мүмкіншілік беретін ақаулардың позитрондарды қармау моделі талданады.

Автор өмірбаяндары

  • Г.Ш. Яр-Мұхамедова, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Яр-Мұхамедова Гүлмира Шарифовна, Қазақстан Республикасы Жоғары Мектебінің Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

    e-mail: gulmira-alma-ata@mail.ru

  • Қ. Mұқaшев, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Еуропалық жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі (академигі). Қазақ ұлттық университеті. әл-Фараби.

    E-mail: mukashev.kms@gmail.com

  • Л.А. Габдрахманова, Башкортстан мемлекеттік ғылым-технология университеті, Уфа, Ресей

    Башқортостан мемлекеттік ғылыми-техникалық университеті

    e-mail: la-gabdrahmanova@mail.ru

  • Ф.Ф. Умаров, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы, Қазақстан

    ф.-м.ғ. д., профессор. Қазақстан-Британ техникалық университеті. 

    E-mail: farid1945@yahoo.com

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Methods of teaching high school physics