Гарднердің интеллект теориясы бойынша студенттердің интеллект түрлері мен жалпы физикадағы оқу жетістіктері арасындағы байланыс

Авторлар

  • А.С. Игенбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-1903-2378
  • Қ.Е. Нұрғалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • С.Г. Карстина Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8425-681X
  • Ф.Т. Шагеева Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Қазан, Ресей https://orcid.org/0000-0002-1883-1270

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh972202613

Кілт сөздер:

soft skills, hard skills, көптік интеллект, когнитивтік ерекшеліктер, функционалдық ерекшеліктер, функционалдық ерекшеліктер, жаратылыстану ғылвми- білім беру.

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада Г.Гарднер көптік интеллект теориясына сәйкес жіктелген студенттердің интеллект түрлерінің жалпы физикадағы акдемиялық көрсеткіштеріне әсері қарастырылады. Зертеуге «Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан бакалавриатта оқитын 58 бірінші курс студенттері қатысты. Тест арқылы анықталған интеллект типіне байланысты студенттер үш топқа бөлінді: Hard Skills, Soft Skills және Hybrid Hard/Soft Skills. Жіктеу негізі ретінде Гарднер бойынша белгілі бір интеллект түрінің басым болуына байланысты  қалыптасатын жетекші дағдылар алынды. Әр топтың академиялық көрсеткіштері механика мен электр және магнетизм бөлімдері бойынша тест нәтижелерін пайдалану арқылы бағаланды. Талдау нәтижелері  Hard Skills-интелекті (логикалық-математикалық, натуралистік, кинестетикалық) басым студенттердің ең жоғары нәтижелерді көрсеткенін (орташа балл – 93,3%) көрсетті, ал Soft Skill-интеллект (тұлғааралық, тұлғаішілік, экзистенциалдық) және Hybrid Hard/Soft Skills типтерге жататын студенттер (лингвистикалық, музыкалық, визуалды-кеңістіктік) салыстырмалы түрде төмен академиялық көрсеткіштерге ие болды. Зерттеу қорытындылары оқу үдерісін ұйымдастыруда және сараланған оқыту әдістерін әзірлеуде білім алушылардың когнитивтік бейінін ескерудің маңыздылығын көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • А.С. Игенбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    магистр, оқытушы; е-mail: igenbayeva.assel@gmail.com

  • Қ.Е. Нұрғалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Aвтор-корреспондент, к.ф.-м.н., ассистент-профессор; е-mail: knurgaliyeva@kaznu.kz

  • С.Г. Карстина, Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан

    ф.-м.ғ.д., профессор; е-mail: Skarstina@mail.ru

  • Ф.Т. Шагеева, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Қазан, Ресей

    Педагогика ғылымдарының докторы, профессор; е-mail: faridash@bk.ru

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-18

Журналдың саны

Бөлім

Methods of teaching high school physics