Плазмалық фокус қондырғысындағы D-D реакциясындағы синтезделу қимасы, реакция жылдамдығы мен нейтрондар генерациясы арасындағы өзара байланыс

Авторлар

  • Ж.М. Молдабеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3634-6022
  • Ә.М. Жүкешов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9153-323X
  • A.T. Габдуллина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2751-2167
  • Ә.У. Амренова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6945-3644

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh96120263

Кілт сөздер:

D-D реакциясы, D-D реакциясы, реакция уақыты, реакция уақыты, Гамов факторы, Гамов факторы, нейтрон генерациясы, реакция жылдамдығы, термоядролық плазма, термоядролық плазма, реакция жылдамдығы

Аңдатпа

Бұл жұмыста плазмалық фокус қондырғысында жүзеге асатын D–D термоядролық синтез процестері синтез қимасы, реакция жылдамдығы, ядролық реакция уақыты және нейтрон генерациясы арасындағы өзара байланыс негізінде талданды. Зерттеудің мақсаты - Кулондық тосқауылдан өту және кванттық туннельдеу әсерлерімен анықталатын ядролық реакция кинетикасы тұрғысынан нейтрондардың түзілу механизмдерін айқындау болып табылады. D-D синтез реакциясының қимасы мен реакция жылдамдығы дейтрон энергиясының 1-200 кэВ аралығында есептеліп, EXFOR және ENDF ядролық деректер қорларымен салыстырылды. D-D синтез реакциясы нәтижесінде пайда болған нейтрондар күміс фольгалы активациялық детектор көмегімен тіркелді. Зерттеу нәтижесінде D-D синтезделу реакциясы үшін тиімді дейтерий иондарының энергия аймағы 25-80 кэВ екендігі анықталды. Синтез қимасы 10-3-10-2 барн аралығында болады, ал ядролық реакция уақыты 20-80 нс мәндерін қабылдап, сығылу фазасында эксперименттік тіркелген нейтрон импульстерінің ұзақтығымен сәйкес келетіні көрсетілді. Бұл жағдайда импульсті термоядролық плазмасындағы синтез реакциясының жылдамдығы Максвеллдік плазмамен салыстырғанда артады және плазманы магниттік ұстап тұру параметрлеріне қойылатын талаптар айтарлықтай төмендейтіні анықталды.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.М. Молдабеков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    жаратылыстану ғылымдарының магистрі, әл-Фараби ҚазҰУ, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: Zhan.moldabek@gmail.com

  • Ә.М. Жүкешов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    физика-математика ғылымдарының докторы, әл- Фараби ҚазҰУ плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: zhukeshov@physics.kz

  • A.T. Габдуллина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ҚазҰУ, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ассистент профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: gabdullyna71@gmail.com

  • Ә.У. Амренова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ҚазҰУ, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: Amrenova.asem77@gmail.com

Жарияланды

2026-03-18

Журналдың саны

Бөлім

Теориялық физика. Ядролық және бөлшектер физикасы. Астрофизика

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары