N64 ШАҢ КӨПІРШІГІ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖАС ЖҰЛДЫЗДЫ ОБЪЕКТІЛЕР

Авторлар

  • А.Б. Манапбаева Эксперименттік және теориялық физика институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Н.Ш. Алимгазинова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.Ж. Наурзбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.Ж. Омар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Т. Көмеш Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
  • М.Т. Қызгарина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • А.М. Демесинова Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Қ.М. Туреханова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh98320261

Кілт сөздер:

көпіршік, инфрақызыл сәулелену, IRAC, 2mass, жас жұлдызды объектілер, эволюциялық кезең

Аңдатпа

Жас жұлдызды объектілерді зерттеу қазіргі заманғы астрофизиканың басым бағыттарының бірі болып табылады, себебі мұндай объектілер жұлдыздар мен планеталық жүйелердің қалыптасуымен қатар жүретін физикалық процестерді тікелей зерттеуге мүмкіндік береді. Жас жұлдыздар, әдетте, жұлдызаралық ортаның тығыз аймақтарында — газ бен шаңнан тұратын молекулалық бұлттарда орналасады, олар жұлдыздардың пайда болуының негізгі аймақтары болып табылады. Жас жұлдыздар, әсіресе массивті жұлдыз шоғырларындағылар қарқынды жұлдыздық желдер мен жоғары энергиялы сәулелену арқылы өздерін қоршаған жұлдызаралық ортаға айтарлықтай әсер етеді. Бұл әсердің нәтижесінде газ бен шаңның ығысуы және қайта таралуы орын алады, бұл молекулалық бұлттарда сақина немесе көпіршік тәрізді құрылымдардың пайда болуына әкеледі. Мұндай құрылымдардың физикалық қасиеттері мен морфологиясын зерттеу бізге жұлдыздар мен олардың қоршаған ортасы арасындағы кері байланыстың қарқындылығын бағалауға, сонымен қатар жұлдыз эволюциясының әртүрлі кезеңдеріндегі осы өзара әрекеттесудің сипаттамаларын бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл зерттеудің мақсаты N64 шаң көпіршігі аймағын зерттеу және жас жұлдыздық нысандарды анықтау және жіктеу болып табылады. Астрономиялық каталогтардан алынған инфрақызыл деректерді қолданып, жас жұлдызды объектілерді іздеу жұлдыздардың пайда болу процестерін зерттеудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Жас жұлдыздар және олармен байланысты құрылымдар, әдетте, газ бен шаңның тығыз бұлттарында орналасады, бұл оларды оптикалық толқын ұзындықтарында бақылауға айтарлықтай кедергі келтіреді. Көрінетін жарықтан айырмашылығы, инфрақызыл сәулелену мұндай орталарға еніп, оптикалық бақылауларға қол жетпейтін нысандарды анықтауға және талдауға мүмкіндік береді.

Бұл зерттеуде жас жұлдызды объектілерді анықтау Gutermuth және т.б. (2008) ұсынған әдісті қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеуде Spitzer ғарыштық телескопынан алынған мұрағаттық инфрақызыл деректер (IRAC: 3,6–8,0 мкм; MIPS: 24 мкм) және 2MASS каталогынан алынған деректер (J, H, ) қолданылды. Барлық анықталған жас жұлдыздық нысандар үшін түрлі эволюциялық кезеңдерге сәйкес келетін сипаттамалық аймақтарға қатысты олардың орналасуын көрсететін түс-түс диаграммалары жасалды. Сонымен қатар, спектрлік индекстер есептелді және анықталған нобъектілердің жіктелуі мен эволюциялық мәртебесін растайтын спектрдегі энергияның таралуы тұрғызылды. N64 шаң көпіршігіндегі эволюцияның алғашқы кезеңдеріндегі жас жұлдызды объектілердің кеңістіктік таралуын талдау жіп тәрізді құрылымдар бойындағы көздердің айқын концентрациясын анықтады, бұл олардың пайда болуы мен шаң бұлтының морфологиясы арасындағы байланысты көрсетеді.

Автор өмірбаяндары

  • А.Б. Манапбаева, Эксперименттік және теориялық физика институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, аға оқытушы

  • Н.Ш. Алимгазинова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    физ.-мат.ғыл.канд., қауымд.профессор

  • А.Ж. Наурзбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    физ.-мат.ғыл.канд, проф.м.а.

  • А.Ж. Омар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, аға оқытушы

  • Т. Көмеш, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан

    PhD, постдокторант

  • М.Т. Қызгарина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    автор-корреспондент, PhD, аға оқытушы

  • А.М. Демесинова, Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, аға оқытушы

  • Қ.М. Туреханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    физ.-мат.ғыл.канд, қауымд.профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-07

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары