Исланд шпатынан жасалынған биполяризатор

Авторлар

  • А. У. Умбетов Ы.Алтынсарин ат. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Кілт сөздер:

Электромагнитті толқындар, Бір осьті кристалдар, Квантты электроника, Биполяризатор, Интерференция, Лазер, Поляризация, Интерферометр

Аңдатпа

Электромагнитті толқындардың заттармен әсерлесу теориясы іргелі зерттеулердегі теориялық және тәжірибелік жағынан маңызды мәселелердің бірі. Әртүрлі бағыттар бойынша ерекшеленетін оптикалық жүйелердегі электромагнитті толқындардың таралуы және маңызды құбылыстар береді. Бір осьті кристалдарды әртүрлі үлгіде қарастыра отырып, квантты электроникаға қажетті элементтер аламыз. Солардың бірі биполяризатор (БП). Мақалада биполяризатордың құрлысы және одан электромагнитті толқындардың таралуы, өткен сәулелердің ерекшеліктері және интерференция құбылысының алыну тәртібі қарастырылады. Осындай жүйелерді лазер сәулесінде қолдана отырып, денелердің кеңістіктегі орнын, аз ығысу шамасы мен бұрылу бұрышын өте үлкен дәлдікпен анықтай аламыз. Сонымен бірге кристалды оптикалық жүйелердің негізінде әртүрлі мақсатта қолданылатын лазерлік поляризациялық интерферометрлер құрастыруға мүмкіндіктер туады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-08-03

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics