Наноқұрылымдық жабындысы бар көміртекті болаттарды зерттеу
Кілт сөздер:
Болат, Нанотехнология, Демпферлеу, Акустика, Діріл, Термиялық өңдеу, Қасиеттер, ЖабындыАңдатпа
Жоғары демпферлеуші қасиеттерге ие жаңа құйылған болаттар өндірістік шуды азайтуға және акустикалық ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақалада құйылған болаттардың акустикалық, діріл, физикалық-механикалық және демпферленетін қасиеттерін бағалау қарастырылған, жоғары демпферленетін қасиеттерге ие наноқұрылымдық жабындысы бар құйылған болаттарды алудың тәсілдері қарастырылған. Қалыптандыру, босаңдату, шынықтыру сияқты термиялық өңдеу түріне байланысты наноқұрылымдық жабындысы бар құйылған болаттардың механикалық қасиеттері зерттелді. Қалыптандырудан, босаңдату мен шынықтырудан қорытпалардың дыбыс шығару сипаттамалары зерттелді. Қабат-қабатпен жағылған наноқұрылымдық жабынды жабындысыз қорытпаға қарағанда, 6-12 дБА төмен шудың түрленуін қамтамасыз етеді де, жақсартылған еңбек шарттарын құрайды. Наноқұрылымдық жабынды беріктік қасиеттердің артуын және дыбыс шығарудың азаюын қамтамасыз етті.Жүктеулер
Жарияланды
2015-10-24
Журналдың саны
Бөлім
Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Наноқұрылымдық жабындысы бар көміртекті болаттарды зерттеу. (2015). Хабаршы. Физика сериясы, 2015(4), 106-113. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/411
