Критерии самоподобия и самоаффинности динамического хаоса. Динамикалық хаостың өзұқсас және өзаффиндік критерийлері

Авторлар

  • Z. Zh. Zhanabayev Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

информация, энтропия, фрактал, хаос, самоорганизация, , өзқауым.

Аңдатпа

Работа посвящена выяснению вопроса: существуют ли количественные критерии реализации универсального явления самоорганизации в открытых системах? Самоорганизацию также называют возникновением порядка из хаоса при выполнении условий нелинейности, неравновесности, незамкнутости. В настоящей работе определены значения информации в неподвижных точках функции плотности вероятности реализации информации и энтропии . Раскрыт смысл этих величин в виде критериев самоаффинности и самоподобия хаотических процессов, энтропии Колмогорова – Синая, фрактальных размерностей соответствующих масштабно-инвариантных множеств. Показано, что самоорганизация имеет место, если нормированная на единицу информационная энтропия S принимает значения в интервале , где , . Правомерность этих выводов доказана вычислением S для известных фракталов и указаны возможные приложения результатов в современных отраслях науки и техники. Жұмыс мына сұрақты талқылауға арналған: ашық жүйелерде байқалатын әмбебап өзқауым құбылысының болуының сандық белгі-шарттары бар ма? Өзқауым құбылысын бейсызықтық, тепе-теңсіздік, тұйықталмағандық орындалғанда хаостан тәртіптің пайда болуы деп те қарастырады. Хаостың сандық сипаттамалары ретінде, әдетте, физикалық шаманың мәндері жиынының информациялық энтропиясын және фракталдық өлшемділіктерін қолданады. Динамикалық хаостың дәлірек сипаттамасы болып Колмогоров – Синай энтропиясы табылады, бұл шама фазалық кеңістік элементтерінің әртектілігін ескереді. Алайда Колмогоров – Синай энтропиясын дәл есептеудің техникалық қиындықтары бар және мына сұрақтар жауапсыз қалуда: өзқауым кезінде энтропияның ең аз өзгерісі қандай, ол қаншалықты азаяды? Сонымен қатар хаосты сипаттайтын энтропиялық өзұқсастық және өзаффиндік белгі-шарттардың осы процестерге сәйкес фракталдық өлшемділіктермен байланысы белгісіз. Бұл жұмыста информацияның байқалу ықтималдығының тығыздық функциясының және информациялық энтропияның қозғалмайтын нүктелері анықталған. Бұл шамалардың мағынасы хаосты процестердің өзаффиндік, өзұқсастық белгі-шарттары және сәйкес фракталдық өлшемділіктері ретінде қарастырылған. Егер бірлікке нормаланған информациялық энтропияның мәндері , интервалында жатса, өзқауым процесі байқалатындығы көрсетілген. Бұл қорытындылардың дұрыстығы белгілі модельдік фракталдардың бір буындарының S энтропиясын есептеу арқылы дәлелденген. шамасын нормалаудың жолдары және алынған нәтижелердің қазіргі ғылым мен техниканың салаларында қолдану мүмкіндіктері көрсетілген.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары